top of page

Ақтөбе қаласының 150 жылдығы және 2019 жыл – Жастар жылы аталуына орай Ақтөбе қаласының білім бөлі

Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын… алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі…, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ…, жұрттың бәріне… жақсылық пен ізгілік көрсетіп…қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек.

Әл-Фараби

Мақсаты: Қосымша білім беру педагогінің мәртебесін арттыру, шығармашылықпен жұмыс істейтін, ой өрісі кең, парасатты, авторлық жаңашыл идеялы, ғылыми-әдістемелік шеберлігі жоғары, жан-жақты дамыған, ерекше тұлғаны анықтау, қосымша білім беру педагогтарын өз кәсіби құзырлықтарын жетілдіруге ынталандыру, озық педагогикалық іс-тіжірибелерді насихаттау және тарату.

Қаңтардың 31 күні Ақтөбенің 150 жылдығы және 2019 жыл - Жастар жылы аталуына орай Ақтөбе қаласы білім бөлімі мен «Шығармашылық Академиясының» біріге ұйымдастыруымен өткен «Үздік қосымша білім беру педагогі – 2019» қалалық байқауының қорытындысы бойынша I орынды Қалалық жас туристер стансасының қосымша білім беру педагогі және «Виртуалды экскурсия» үйірмесінің жетекшісі Мұсағалиева Перизат Жеткергенқызы иеленді. ҚББП Перизат Жеткергенқызы өзін шеберлігі жоғары, шығармашыл, жан-жақты дамыған, креативті, ізденісі жоғары шығармашыл тұлға екенін көрсете білді.

«Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында!»

Жеңімпаз Қосымша білім беру педагогіміз Ақтөбе қаласы білім бөлімінің ДИПЛОМЫМЕН марапатталып, облыстық байқауға жолдама алды.

Қоғамның даму үдерісін ілгерілетудің жетекші күші жас маман педагогтар және жастар екендігі ақиқат.

Ақпаратты жазған: ҚЖТС әдіскері Ибраева А.С.

bottom of page