• 21 дек. 2018 г.

«Табиғат әлемі балалар көзімен» атты қалалық көрме байқауы

Шымкент қаласы білім басқармасының 2018 жылғы 22 қарашадағы №724 бұйрығына сәйкес жасөспірімдерді қоршаған ортаны қорғау жұмыстарына баулу, экологиялық тәрбие мен білім беру, табиғи заттардан қолөнер бұйымдарын жасау арқылы шығармашылыққа баулу мақсатында Бейнелеу өнері музейі базасында «Экологиялық орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 5-7 желтоқсан күндері «Табиғат әлемі балалар көзімен» атты қалалық көрме байқауы өтті.

Байқауға қаламыздың жалпы білім беретін мектептерінің 5-11 сынып оқушылары, өнер, көркем сурет мектептері, қосымша білім беру мекемелерінің білім алушылары қатысты.

Байқауға түскен жұмыстар саны - 682, оның ішінде көркем суреттер - 322, фото - 62, панно - 85, поделкалар - 27, Кепкен гүлшоғырлар жиынтығы - 35, ұлттық қолөнер бұйымдары - 130, ауланың ландшафтық дизайны - 21. Қазылар алқасының шешімімен (хаттама негізінде) төменде көрсетілген оқушылар жеңімпаз деп танылды:

Іс-шара балалар көркем суреттері мен табиғи материалдан жасалған бұйымдардың, сәндік қолданбалы қолөнер бұйымдарының сапалы орындалуымен ерекше болды. Қосымша білім беру мекемелерінің білім алушыларының жұмыстарының орындалу деңгейі жоғары болды.

Байқауға түскен жұмыстар арасынан жеңімпазды анықтау үшін құрылған қазылар алқасы құрамында суретшілер, өнер мектебінің ұстаздары, эколог, биолог мамандар болды.

05 желтоқсан күні қазылар алқасы мүшелерінің сараптауымен үздік жұмыстар анықталды. 06 желтоқсан күні қала мектеп оқушыларына, жоғарғы, кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарына тегін көрме ұйымдастырылды. 07 желтоқсан күні жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«Экологиялық орталығы» КММ

педагог-ұйымдастырушы Қасым Ғазиза Шахидинқызы

  • зеленая планета

Недавние посты

Смотреть все

«One Рower» волонтер клубы

2021 жылғы 20 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында «Елбасы медалі» бағдарламасына қатысушыларды марапаттау жөніндегі комиссияның екінші отырысы өтті. Бағдарламаның екінші кезеңінде Оқушылар сарайының «One Рo

«Жылдың үздік ұстазы-2020»

Қарағанды медициналық интерколледжінің оқытушысы Алтынбеков Мейрам Бостанович-«Жылдың үздік ұстазы-2020» республикалық байқауының «Үздік жас ғалым-2020» номинациясының жеңімпазы атанып, медаль мен І

«Black&White» медиакомпаниясының продюсерімен кездесу

2021 жылғы 21 қаңтар күні «Қаламгер» баспасөз орталығының түлегі Адина Хамармен онлайн – интервью өтті. Қазіргі таңда Адина Нұр - Сұлтан қаласында «Black&White» медиакомпаниясының продюсері. «Black &

Байланысымыз:

 

Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) -8 (7172) 64-27-08.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлім-8 (7172) 64-27-23.

Туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық бағыттағы бөлім-8 (7172) 64-27-24.

Ғылыми-техникалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-22.

Көркем-эстетикалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-32.

Әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы бөлім - 8 (7172) 64-27-31.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-27-20.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО БжҒМ 2019 ж.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК

РГКП «Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования»

Министерства образования и науки Республики Казахстан

KZ

RUS

ENG

  • Бастапқы бет

  • Орталық туралы

  • Заңнама

  • Орталық қызметі

  • Баспасөз қызметі

  • Зияткер

  • More