2018 жылдың 1 қарашасында Ресей Федерациясы, Астрахань қаласында өткен "Эколята" Халықаралық жас экологтардың форумында облысымыздың намысын қорғаған Атырау қаласының жас натуралистер стансасы. Халықаралық экофорумға қатысуға облыстық білім беру басқармасы мен қалалық білім бөлімі қолдау көрсеткен болатын.Халықаралық жас экологтар форумына стансамыздың үйірме мүшелері мен сатнса басшысы Мартагүл Төлеуқызы, қосымша білім беру педагогі Ғабит Нұрлыбайұлы аттанды. Стансаның жас экологтары берілген тапсырмалады жоғары деңгейде орындап, 7 түрлі экологиялық бағдарлау сайыстарынан көп ұпай жинап "Астрхандық Эколята достарын шақырады" Халықаралық акциясының аясында өткізілген "Эколята - Жер ғаламшарының достары " командалық ойынында жеңіске жетті. Бұл форумның балалар үшін берері өте мол болды. Сонымен бірге бұл шараға елімізден делегат болып Қазақстан Республикасының Парламентінің Сенат депутаты Еңсеген Сәрсенбай Құрманұлы барды. Халықаралық жас экологтар форумы жоғары деңгейде өтті. Ендігі жылы Атырау облысы әкімі Ноғаев Нұрлан Асқарұлының келісуімен 4 елдің қатысуымен Халықаралық экофорум біздің облысымызда өтеді.