Қалалық жас туристер стансасы күзгі каникул кезіндегі Благодар орта мектебінің базасында туристік-өлкетану бағытында сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырып өткізді.
Шараның мақсаты: оқушылардың каникул кезіндегі бос уақытын тиімді ұйымдастыру, оқушылардың туристік-өлкетану белсенділіктерін арттыру, салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау, ұжымдық істе шеберлікпен бірлікке дағдыландыру.
Жарыс барсында оқушылар командаларға бөлініп өлкетану бағытындағы түрлі тапсырмаларды орындап, жеті кезеңнен тұратын спорттық-туристтік жол кедергілерінен өтті. Олар: төмпешік, қақпан, маятник, жарақаттанушыны тасмалдау, өлкетану сұрақтары, бөренеден сырғу кезеңдері. Жарыс ойын эстафета түрінде ұйымдастырылып өте қызықты, әрі тартымды түрде өтті.
2018 жылы 7-8 класс аралығында Благодар орта мектебінде «Жүзден жүйрік» туристік-өлкетану бағытындағы жарысқа 40-қа жуық оқушы қатысып, сынға түсті. Жүлделі орын алған балаларға демушілер тарапаннан сертификаттар және Қалалық жас туристер стансасының мақтау қағаздары табысталды.
І орын- «Чемпион» командасы «Haapylon» ойын-сауық орталығына сертификат
ІІ орын- «Көкжал» командасы Локаматив кинотеатрна балалар киносына жолдама
ІІІ орын- «Чемпионы» командасы «EMO JAMPIC» ойын-сауық орталығына әр балаға 3 жолдамадан
ІІІ орын- «Арыстан» командасы «EMO JAMPIC» ойын-сауық орталығына әр балаға 1 жолдамадан