2018 жылдың 19 қазанында «Рухани жаңғыру» мақаласының аясында өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығы Ақмола облысы білім басқармасымен біріге отыра «Шеберлер қаласы: ата-бабамыздың мұрасын сақтаймыз және дамытамыз» өлкетану сәндік-қолданбалы шығармашылығының облыстық көрмесін өткізді.
Көрменің мақсаты балалардың сәндік-қолданбалы шығармашылығын дамытуға жан-жақты ықпал ету, өзара жарыстыру арқылы қатысушыларға өз шығармашылық қабілеттерін дамытуға және танытуға мүмкіндік беру, көркемдік және сәндік-қолданбалы шығармашылық саласында тәжірибе алмастыру болып табылады.
Көрмеге Ақкөл, Астрахан, Атбасар, Бұланды, Біржан сал, Жарқайын, Есіл, Жақсы, Зеренді, Целиноград, Шортанды, Бурабай аудандарынан және Көкшетау, Степногорск, Астана қалаларынан 11-17 жас аралығындағы балалар – барлығы 80 оқушы қатысты.
Балалардың жұмыстары жасалуының сан алуандылығымен және композициялық тәсілдерінің ерекшелігімен көзге түсті. Байқауға тегіс жұмыстармен қатар, көлемді-ауқымды шығармашылық жұмыстар ұсынылып, жалпы 183 композиция бағалау нысанына алынды. Байқауға келіп түскен жұмыстарды құзіретті қазылар алқасы бағалады: Корнева Ольга Сергеевна – Еуразиялық дизайнерлер Одағының мүшесі, «Мәдениет қайраткері»; Булгакова Наталья Андреевна – ҚР суретшілер Одағының мүшесі, балалар көркем сурет мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары; Сугиралиева Гульсайра Курмашевна - Ш.Уалиханов атындағы КММ-нің «Бейнелеу өнері, сызу және дизайн» кафедрасының аға оқытушысы; Амиржанова Анара Орымбаевна – Ш.Уалиханов атындағы КММ-нің «Бейнелеу өнері, сызу және дизайн» кафедрасының оқытушысы; Есетова Галина Аскеровна – Көкшетау қ. №1 СТК –өндірістік оқыту шебері.
Жеңімпаздарға Ақмола облысы білім басқармасының дипломдары мен бағалы сыйлықтары берілді.
Қазылар алқасының әділ шешімімен келесі қатысушылар жүлделі орындарға ие болды:
1 орын
«Жарамсыз материалдардан жасалған бұйым» номинациясында:
Сагит Жансулу- Көкшетау №2 ОМЛ;
«Табиғи материалдардан жасалған бұйым» номинациясында:
Ергалиева Жулдызай- Зеренді ауданы, БШҮ;
«Тұрмысқа арналған креативті бұйымдар» номинациясында:
Путинцев Дмитрий- Астрахан ауданы, №2 ОМ;
«Ұлттық колориті бар интерьердің ерекше дизайн-жобасы» номинациясында:
Сафонова Мария- Бурабай ауданы, "Арман" МТОТЖО;
«Матадан жасалған бұйымдар» номинациясында:
Омурбекова Алина- Жақсы ауданы, №2 ОМ;
«Өңірдің көркемдік және халықтық қолөнері» номинациясында:
Касьянов Никита- Бурабай ауданы, "Арман" МТОТЖО.
2 орын
«Жарамсыз материалдардан жасалған бұйым» номинациясында:
Мухамбаева Жузым – Астрахан ауданы, №2 ОМ;
«Табиғи материалдардан жасалған бұйым» номинациясында:
Гасанова Нават – Целиноград ауданы, «Жас-Шабыт» БШО;
«Тұрмысқа арналған креативті бұйымдар» номинациясында:
Савчук Дарина – Жаркайын ауданы, БШҮ;
«Ұлттық колориті бар интерьердің ерекше дизайн-жобасы» номинациясында:
Базарбекова Дильнара – Есіл ауданы, Красивинская ОМ;
«Матадан жасалған бұйымдар» номинациясында:
Талапова Диана - Зеренді ауданы, Садовская ОМ;
«Өңірдің көркемдік және халықтық қолөнері» номинациясында:
Верховод Дарья – Көкшетау қ., ООӘО.
3 орын
«Жарамсыз материалдардан жасалған бұйым» номинациясында:
Мухамеджанова Салихжан – Жақсы ауданы, №2 ОМ, БМ;
«Табиғи материалдардан жасалған бұйым» номинациясында:
Абду Қазына – Жарқайын ауданы, БШҮ;
«Тұрмысқа арналған креативті бұйымдар» номинациясында:
Петрова Елизавета – Степногорск қ., №4 «Болашак» ДБАОММИ;
«Ұлттық колориті бар интерьердің ерекше дизайн-жобасы» номинациясында:
Коханская Екатерина – Бурабай ауданы, «Арман» МТОТЖО;
«Матадан жасалған бұйымдар» номинациясында:
Манап Ақнұр – Біржан сал ауданы, Қоғам ОМ;
«Өңірдің көркемдік және халықтық қолөнері» номинациясында:
Будко Валерия – Астрахан ауданы, №2 ОМ.
Өткізілген көрме сәндік-қолданбалы өнердің өскелең ұрпаққа адамгершілік, эстетикалық тәрбие беріп, олардың азаматтық, патриоттық сезімін қалыптастыруда сарқылмас көз болып қала беретіндегі тағы бір мәрте дәлелдеді.