• 11 окт. 2018 г.

Диқан Әбілев туралы (1907 — 2003 жж.)


Әбілев Дихан 1907 жылғы 1 қазанда қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданы Мойылды қыстауында дүниеге келген. Ақын, жазушы. Қазақстанның халық жазушысы (1987). 1925 жылы 27 жасында Семейдің ауыл шаруашылық техникумында оқыған. Алматыдағы Коммунистік журналистер институтын бітірген (1937). 1928 жылы 31 жасында Баянауылдың Шідерті болыстық атқару комитетінің хатшысы, 1931 ж. Баянауыл ауданы Қарағанды облысы газеттерінде редактордың орынбасары, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, төрағасы (1938), Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы көркем әдебиетті насихаттау бюросының директоры (1939) болды. Алғашқы өлеңі «Қызыл әскерге» (1926 ж.), алғашқы әңгімесі «Сырлы шкафтың сыры» (1928 ж.) жарық көрген. Тұңғыш жинағы «Қуат, өрт» (1937) ақынның сыршылдығын, «Шалқыма» поэмасы (1938) кең тынысын аңғартты.

Әбілевтің соғыс тақырыбына жазған туындылары «Жүректен» (1945), «Тұлға» (1947) жинақтарында топтастырылды. Өлеңмен жазылған «Алтай асулары» романында (1957) мен «Отты толқындар» (1956), «Уақытпен сырласу» (1967), «Миллиард жыры» (1974), «Толғаныс толқындары» (1979), «Дала солдаты» (1981) жинақтарында қаламгер қарапайым ауыл азаматтарының биік мұраттар жолында өсу жолын бейнелеген. «Ой толғауы» (1981) естелігінде С. Сейфуллин, Б. Майлин, М. Әуезов, С. Мұқанов т. б. ұстаздары туралы сыр шертеді. С. Торайғыров туралы «Ақын арманы» (1965), «Арман жолында» (1969), «Баянауыл баурайында» (1975) деп аталатын трилогиясы Әбілевтің проза саласындағы ең ауқымды шығармасы болып табылады. Жазушы мұнда 20 ғ-дың бас кезіндегі қазақ халқының тіршілік-болмысын, Сұлтанмахмұттың өмір жолын көркем суреттеген. Әбілев А. П. Чехов, Н. А. Некрасов, Т. Г. Шевченко, Г. Низами, Н. Хикмет, П. Тычина, М. Рыльский, М. Бажан туындыларын қазақ тіліне аударды. Әбілев шығармалары орыс, өзбек, әзербайжан, армян, татар, тәжік, қырғыз т. б. тілдерге аударылды. Еңбек Қызыл Ту, 1-дәрежелі Отан соғысы, «Қызыл жұлдыз», «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған.

  • афиша каз

Недавние посты

Смотреть все

«Алау» және «Жас ұлан» әскери-спорттық ойындарының жеңімпаздарын құттықтаймыз

Алматы облысы, Көксу ауданы, Қ.Қ. Жалайыри атындағы ОМГ «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдердің республикалық әскери-патриоттық қозғалысы ұйымының ұйымдастыруымен өткен облыстық «Алау» және «Жас ұла

«Қысқы спорт түрлері» тақырыбында брейн-ринг

2021 жылғы 09 қаңтар күні Қарағанды қаласы, №77 жалпы білім беру мектеп- балабақша кешенінің «Жас Сарбаз» 9"Б",10"Б", сынып тәрбиеленушілері арасында «Қысқы спорт түрлері» тақырыбында брейн-ринг өткіз

«Қайырымдылық – адамгершілік белгісі»

Қарағанды облысы, Сатпаев қаласы С.Сейфуллин атындағы гимназиясы қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастау мақсатында, адам өміріндегі ең игі істерінің

Байланысымыз:

 

Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) -8 (7172) 64-27-08.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлім-8 (7172) 64-27-23.

Туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық бағыттағы бөлім-8 (7172) 64-27-24.

Ғылыми-техникалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-22.

Көркем-эстетикалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-32.

Әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы бөлім - 8 (7172) 64-27-31.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-27-20.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО БжҒМ 2019 ж.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК

РГКП «Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования»

Министерства образования и науки Республики Казахстан

KZ

RUS

ENG

  • Бастапқы бет

  • Орталық туралы

  • Заңнама

  • Орталық қызметі

  • Баспасөз қызметі

  • Зияткер

  • More