top of page

Табиғатқа саяхат

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы.


Жезқазған қаласы Балалар мен жасөспірімдер сарайы « Туризм және өлкетану» бөлімі оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыруға арналған жоспарына сәйкес 2018 жылдың 15-22 маусым аралығында үйірмелерге қатысушы балалармен Жамбыл облысы «Мерке» санаторийі жанындағы, табиғаты керемет Қаратау мен Алатаудың түйіскен тау сілемдерінде, шыршалы орман арасында жорықтар мен саяхаттар ұйымдастырды. Оқушылар аталған елді мекеннің өлке тарихымен танысу мақсатында жергілікті мұражайда болды. Тау басынан 15 метрлік биіктіктен төмен құлай ағып жатқан сарқырамада, емдік қасиеті ғажап «Әулие бұлақ» басында, «Мерке» өзенінде және санаторий жанындағы бассейінде болып көңілді демалып қайтты.

Бөлім педагогтары 25-27 маусым аралығында 25 оқушының қатысуымен Ұлытау ауданы Сарыкенгір өзені бойына 3 күндік жорық ұйымдастырды. Жорықтың бірінші күні қатысушылар Сарыкеңгір өзенінің сол жағалауында орналасқан Орда базар қаласының орнымен, исламға дейінгі кезеңде Қазақстандағы тастан қаланған ірі құрылыстардың бірі Домбаул (VІ-ІХғ.ғ.) кесенесімен танысып, Жошы хан мазарына да (ХIII-ХIVғ.ғ.) жорық жасады. Екінші күні Сарыкеңгір өзені бойымен Рыбопитомник-Сатпаев шатқалына жорық жасалды. Өзен жағалауына шатырлы лагерь құрылып, балалар суға шомылды, әр түрлі ойындар ойнап, таза ауада көңілді демалды. Соңғы үшінші күні далалы жердегі жорық уақытында тізбекпен жүру, жылдамдық, арақашықтықты ұстау, қауіпсіздікті сақтай отырып өзеннен өту, қозғалыс уақытындағы балалардың жеке және топтық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жайлы жаттығу жұмыстары жүргізілді.

Бұл жорық балалардың өлке тарихымен, табиғатымен танысуына, ой - өрісі мен дүниетанымын кеңейтуіне, далалы жердегі жорық уақытында өз қауіпсіздігін сақтай білуіне септігін тигізді.


Comments


Байланысымыз:

 

Қазақстан, Астана қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) - 8 (7172) 64-75-94.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлімі - 8 (7172) 64-75-88.

Туризм, экология және техника бөлімі - 8 (7172) 64-75-89.

Балалар мен жасөспірімдер қозғалысын үйлестіру бөлімі - 8 (7172) 64-75-91.

Музыкалық, көркем-эстетикалық шығармашылық бөлімі - 8 (7172) 64-75-92.

Әлеуметтік-педагогикалық қызмет бөлімі - 8 (7172) 64-75-93.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-75-90.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО ОАМ 2023 ж.

bottom of page