top of page

Жасыл әлем

Шымкент қаласының Экологиялық орталығында мектеп оқушыларының Отан сүйгіштік – патриоттық сезімін арттыру, экологиялық білім мен тәрбиеге баулу, жазғы демалыс уақытын тиімді ұйымдастыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Жасыл әлем - 2018» жазғы сауықтыру алаңы жұмыс жасайды.

Сауықтыру алаңына орталықтың білім алушыларымен қатар қала мектептерінің оқушылары қатысады.

Дәстүрге айналған жазғы сауықтыру алаңы «Сәлем, жаз!» танысу тренингі, «Экологиялық квест», «Денсаулық – әсемдік» тақырыптарында түрлі танымдық тапсырмалар, ойындар, сурет сайыстары, психологиялық тренингтер, спорттық эстафеталар, шеберлік сыныптары, танымдық саяхаттар ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, Ы. Алтынсарин атындағы Облыстық балалар кітапханасының, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары сауықтыру алаңының тәрбиеленушілерімен тренингтер және танымдық сабақтар өткізді.

Сондай-ақ сауықтыру алаңына қатысушылар бірнеше рет табиғатқа, тарихи орындарға танымдық саяхатқа шықты. Мысалы, Бәйдібек ауданы, «Тұттыбұлақ» үңгіріне және Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағына бір күндік жорыққа шықты. Онда «Тұттыбұлақ» үңгірінің тарихымен, табиғатымен танысып, спорттық ойындарға қатысып уақыттарын қызықты өткізді. Түскі ас дайындалып, табиғатты тамашалап, суға шомылып естелікке суретке түсті. Жорық соңында Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағының өсімдіктер әлемімен, тыныс-тіршілігімен танысып, қызықты әсер алып қайтты.

Түркістан қаласы, Отырар ауданы, Арыстан баб кесенесіне және Қазығұрт тауы мен, «Тау самалы» оқу-сауықтыру орталығына екі күндік жорыққа шықты. Танымдық жорық аясында қатысушылар өңіріміздегі көпшілік, тарихи орындардың ерекше құбылыстарымен таныстырылып, мекендерді аралап жергілікті жердің ерекшеліктерімен танысып қайтты.

Сауықтыру алаңына белсене қатысып, өз өнерімен көзге түскен оқушылар, олардың жетекшілері орталықтың мақтау қағаздарымен марапатталды.


bottom of page