• 13 июля 2018 г.

Достық лагері

Қалалық жас туристер станциясы жанындағы «Достық» лагері – үш ай бойы толыққанды демалысқа, шаттық пен қуанышқа толы мекен. Достық лагерінің ерекшелігі – спорттық туризм бағытында жұмыс жасайды.

«Достық» жазғы лагері қызықты және әртүрлі бағдарламалардан, тәжірибелі педагогикалық кадрлардан тұрады. Лагерьдегі жұмыстың басым бағыттары: әр түрлі сауықтыру іс-шаралары және ойын-сауық түрлері, таза ауадағы демалыстар, денсаулық, спорттық және туристік іс-шаралар, мәдени шаралар, экскурсияларды ұйымдастыру.

«Достық» жазғы лагері – бос уақытты қызықты әрі тиімді өткізу, көптеген достармен, белсенді, көңілді тәрбиешілермен, тәлімгерлермен араласу орны болып табылады.

Осы жазда лагерь 7 жастан 14 жасқа дейіңгі 800 балаға, Ақтөбе қаласының білім беру бөлімінің жеңілдік санатындағы балалармен, кез келген демалғысы келетін балаларды қабылдады.

«Достық» жазғы лагерінің жанында «Батыр» шатырлы лагері жұмыс істейді.

Лагерьдің басты мақсаты – туристік өмірдің дағдыларын меңгеру, жер бетін бағдарлау, картамен жұмыс істеу, «Менің Отаным – Қазақстан» Республикалық туристік және жергілікті экспедициялар бағдарламасына жас туристерді дайындау болып табылады. Сонымен қатар «Батыр» шатырлы лагерінде алау жағу, түйін байлау және жорық кезінде жол кедергілер мен өзеннен өту әдістерін үйренеді.

4 шілдеден бастап «Достық» жазғы лагерінің үшінші маусымы басталды. Бұл маусымда 240 бала демалып жатыр. «Достық» жазғы лагерінің үшінші маусымының салтанатты түрде ашылуы 5 шілдеде өтті. Салтанатты ашылуының құрметті қонағы Ақтөбе қаласының әкімі И.С. Испанов болды.

Үшінші маусымның салтанатты ашылу рәсімінде «Бақытты бала» жобасы аясында және Астана қаласының 20 жылдығына орай 5 жетім балаға 50 мың теңге көлемінде сертификат және 21 аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға мектепке қажетті оқу құралдары табысталды. «Батыр» шатырлы лагеріне доптар, барлық демалушы балаларға балмұздақ берілді. Ашылу салтанатында ҰБТ қорытындысы бойынша жоғары балл алған түлектерге сыйлықтар берілді. Сонымен қатар, Ақтөбе қаласының әкімі И.С. Испанов туризм сабағына қатысып, «Батыр» шатырлы лагерінің жұмысымен, «Достық» жазғы лагерінің материалдық-техникалық базасымен танысты.

  • жас саяхатшы

Недавние посты

Смотреть все

«Алау» және «Жас ұлан» әскери-спорттық ойындарының жеңімпаздарын құттықтаймыз

Алматы облысы, Көксу ауданы, Қ.Қ. Жалайыри атындағы ОМГ «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдердің республикалық әскери-патриоттық қозғалысы ұйымының ұйымдастыруымен өткен облыстық «Алау» және «Жас ұла

«Қысқы спорт түрлері» тақырыбында брейн-ринг

2021 жылғы 09 қаңтар күні Қарағанды қаласы, №77 жалпы білім беру мектеп- балабақша кешенінің «Жас Сарбаз» 9"Б",10"Б", сынып тәрбиеленушілері арасында «Қысқы спорт түрлері» тақырыбында брейн-ринг өткіз

«Қайырымдылық – адамгершілік белгісі»

Қарағанды облысы, Сатпаев қаласы С.Сейфуллин атындағы гимназиясы қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастау мақсатында, адам өміріндегі ең игі істерінің

Байланысымыз:

 

Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) -8 (7172) 64-27-08.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлім-8 (7172) 64-27-23.

Туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық бағыттағы бөлім-8 (7172) 64-27-24.

Ғылыми-техникалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-22.

Көркем-эстетикалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-32.

Әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы бөлім - 8 (7172) 64-27-31.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-27-20.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО БжҒМ 2019 ж.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК

РГКП «Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования»

Министерства образования и науки Республики Казахстан

KZ

RUS

ENG

  • Бастапқы бет

  • Орталық туралы

  • Заңнама

  • Орталық қызметі

  • Баспасөз қызметі

  • Зияткер

  • More