2018 жылғы 4-12 маусымда Астана қаласында балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагогика кадрларына арналған «Қосымша білім беру жағдайында білім алуға ерекше қажеттіліктері бар балаларға рухани-эстетикалық тәрбие беру» біліктілікті арттыру курсы (бұдан әрі – Курс) өткізілді.
Курстың мақсаты: музыкалық және көркемдік-эстетикалық бағытта балаларға қосымша білім беретін педагог жұмыскерлердің білімдерін жаңғырту және кәсіби шеберліктерін жетілдіру үшін жағдай жасау.
Курстың міндеттері:
1) қосымша білім беру жүйесіндегі заңнамалық, нормативтік құқықтық актілердегі, қосымша білім беру мазмұнындағы, қосымша білім беру жағдайында білім алуға ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқытудың заманауи білім беру технологияларындағы жаңартулармен тыңдаушыларды таныстыру;
2) қосымша білім беру жағдайында білім алуға ерекше қажеттіліктері бар балаларға рухани-эстетикалық тәрбие берудің және әлеуметтендірудің әр алуан түрлеріне кіріктірілген тәсілдерді енгізу;
3) педагогикалық қызметтің жекелеген компоненттерін немесе қосымша білім берудің нақты оқу пәнінің мәнмәтінінде тұтас білім беру процесін жобалау;
4) үздік ғылыми жетістіктермен және білім алушының тұлғасын әлеуметтендірудің, қосымша білім беру жағдайында білім алуға ерекше қажеттіліктері бар балаларға рухани-эстетикалық тәрбие берудің үздік тәжірибесімен таныстыру;
5) педагогтерге әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету.
Курс балаларға қосымша білім беру жағдайында ерекше қажеттіліктері бар балаларға рухани-эстетикалық тәрбие беру аспектілеріне қатысты мәселелерді қамтыды, теориялық, тәжірибелік білімдерін жаңарту және педагогтердің кәсіби дағдыларын кеңейтуді, оқу-зерттеушілік қызметті басқару бойынша білімдерін тереңдетуде педагогтерге әдістемелік көмек көрсетуді және балаларға қосымша білім беру ұйымдарында жоғары дамыған негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыруды қарастырады.
Курс блокты-модульді тәсілге негізделген. Курстың жалпы көлемі – 80 академиялық сағат. Курс 4 негізгі модульдерден тұрады.
Нормативтік құқықтық модуль балаларға қосымша білім берудің заңнамалық, нормативтік құқықтық базасының жаңаруы, қазақстандық білімнің жаңғыру бағыттары бойынша сұрақтарды ашады.
Психологиялық-педагогикалық модуль жас ерекшеліктерін ескере отырып, балаларды тәрбиелеудің, бала тұлғасын дамытудың психологиялық-педагогикалық аспектілері туралы білімдерін жетілдіруді болжайды, педагогикалық ұжымдағы тұлғааралық қарым-қатынас және кикілжіңдердің алдын алу мәселелерін қарастырады.
Теориялық-технологиялық модуль жаңа педагогикалық, жобалық және зерттеу технологияларын, қосымша білім берудің мазмұны мен нысандарын, оларды қолдану ерекшеліктерін, негізгі күтілетін нәтижелерді ашады.
Курстың іс-тәжірибеге бағдарланған модулі іс-тәжірибеге бағдарланған білім беруге көшу жағдайында педагогикалық қызметті жетілдіруге, тәжірибелік сабақтар барысында меңгеру мүмкін болатын инновациялық жобаларды іске асыруға ықпал етеді.
Курс тыңдаушыларының мақсатты тобы: музыкалық және көркемдік-эстетикалық бағытта балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың педагог жұмыскерлері.
Тыңдаушылардың саны – 66 адам. Теориялық және тәжірибелік сабақтар мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізілді.
Сабақтарды ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу маманы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының Астана қаласындағы офисінің «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының бас менеджері, ҚР БҒМ «Халықаралық бағдарламалар орталығы» президентінің кеңесшісі, ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының әдіскері, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, Еуразия гуманитарлық институтының, С. Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университетінің, Қазақ ұлттық өнер университетінің, «Қазақ технология және бизнес университеті» жанындағы колледждің оқытушылары өткізді.
Тыңдаушылар Ұлттық балаларды оңалту орталығының «University Medical Center» мамандары, «Күн әлемі» ҚҚ, «Арнайы түзету мектеп-интернаты» ММ, сондай-ақ М. Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайының педагогтері ұйымдастырған шеберлік сыныптарға қатысты.
Тыңдаушылар біліктілікті арттыру курсының ерекше қажеттіліктері бар балаларға рухани-эстетикалық тәрбие берудегі басым тәжірибесімен танысуға, жұмыстың мазмұны мен формаларын, атап айтқанда, топтық шығармашылық жұмыстарға, тәжірибелік жаттығулар мен авторлық жұмыстарға өздерінің ризашылықтарын білдірді.
Курс соңында жобаларды сәтті қорғағаннан кейін тыңдаушыларға біліктілікті арттырғаны туралы сертификаттар тапсырылды.