2018 жылдың 18 мамыр күні М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Жас Ұлан» облыстық балалар-жасөспірімдер штабының бастамасымен «Үздік Ұлан – 2018» облыстық конкурсының финалы өтті. Аталмыш іс-шарада Павлодар облысының аудан мен қалаларынан «Жас Ұлан» балалар-жасөспірімдер ұйымдарынан 11 ең үздік команда қатысты.
Конкурстың екі кезеңінде қатысушылар «Мен және менің ұйымым» және «Свободный микрофон» атты шығармашылық конкурстарында өздерін таныстырып өтті. Жас ұландықтарға әділ баға берген «Балалар үшін» төсбелгісінің иегері, педагогика еңбегінің ардагері, балалар-жасөспірімдер ұйымының алғашқы төрағасы Надежда Фирсова, қалалық сауықтыру орталығының әдіскері, «Домовёнок» театр студиясының жетекшісі Жанна Баженова, Павлодар қаласы білім бөлімінің «Балдаурен» оқу-сауықтыру орталығы басшысының тәрбие жөніндегі орынбасары Гульнар Хусаинова, «Жас Ұлан» облыстық балалар-жасөспірімдер ұйымының аймақтық хатшысы Бауыржан Сейталиев.
Конкурсқа белсенді қатысқан үшін дипломмен: Шарбақты ауданының балалар-жасөспірімдер ұйымы ЖОМ; Железин ауданы №2 ЖНМ балалар-жасөспірімдер ұйымы; Ертіс ауданы М.Горький атындағы ЖОМ балалар-жасөспірімдер ұйымы; Май ауданы Жалтыр ЖОМ балалар-жасөспірімдер ұйымы;
3 орын дипломдармен: Қашыр ауданы Балалар үйінің балалар-жасөспірімдер ұйымы; Баянауыл ауданы Ш.Айманов атындағы мектеп-интернатының балалар-жасөспірімдер ұйымы; Павлодар ауданы Черноярка ЖОМ балалар-жасөспірімдер ұйымы;
2 орын дипломдармен: Павлодар қаласы №25 ЖОМ балалар-жасөспірімдер ұйымы; Екібастұз қаласы № 17 ЖОМ балалар-жасөспірімдер ұйымы;
1 орын дипломмен: Лебяжі ауданы, Лебяжі ЖОМ балалар-жасөспірімдер ұйымы;
Ақсу қаласының №4 ЖОМ-нің балалар-жасөспірімдер ұйымы бас жүлдеге ие болды.
Қатысушыларды облыстық конкурсқа дайындаған үшін 13 аға тәлімгер алғыс хатпен марапатталды. Аталмыш іс-шара барысында балалар-жасөспірімдер ұйымының штабы ұйымдастырған жобаларға қатысушылар марапатталды. «Туған жер» кешендік жобасының «Туған жеріммен бірге», «Экокультура родного края», «Эко селфи – селфи с пользой», «Кафе для птиц», «Экологическая культура»; «Петроглифы археологического ландшафта Тамгалы», «Туған жеріме арнау», «Моё родное Прииртышье» атты тарихи жерлерге байланысты өлкетану сайыстары өз жеңімпаздарын анықтады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру барысында «Открытая площадка. В Эфире Жас Ұлан» атты балалар-жасөспірімдер ұйымының штабының бастамасымен ұйымдастырып отырған кешендік жобасының павлодарлық №№ 5, 14, 22, 30, 43 мектептер марапатталды.
«Адал Ұрпақ» жемқорлыққа қарсы күрес облыстық жобасының белсенді қатысушылары Ақсу, Лебяжі, Қашыр ауданының балалар-жасөспірімдер ұйымдары марапатталды. Іс-шараның салтанатты кезеңі «Аға тәлімгерлерді марапаттау» бөлімімен жалғасын тапты. Павлодар облысының балалар-жасөспірімдер ұйымының 40 педагог-жетекшілеріне 2017-2018 оқу жылында еңбек нәтижесінің жоғары деңгейі үшін және Облыстық штабпен тығыз серіктестік үшін алғыс хаттармен марапатталды.