Білім басқармасының облыстық экологиялық-биологиялық орталығының ұйымдастыруымен 5 маусым күні балалар мен жасөспірімдерді экологиялық білімнің белсенді түріне тарту, өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу мақсатында «Гүлдер әлемі» облыстық фестивалі өткізілді. Жыл сайын бұл фестиваль қоршаған ортаны қорғау күніне орай өткізіліп келеді. Бүгінде Астананың 20 жылдығына арналған фестиваль 3 номинация бойынша өтті. - «Мерейтойыңмен, Астана!»; - «Гүлдер вальсі»; - «Астана – болашақтың қаласы». Қатысушылар фестивальге жоғары дайындықпен келген. Қазылар алқасы Орал қаласы және Жаңақала, Сырым, аудандарының жақсы дайындықтарын атап көрсетті. Фестиваль қорытындысы бойынша жеңімпаздар грамота және естелік сыйлықтармен марапатталды.