top of page

Қарағандылық жас музыканттар Франция және Римде өнер көрсетті


ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандылық жас музыканттар мамыр айының басында Еуропа қалаларын аралады. Қаладағы музыка мектебінің тәрбиеленушілері Канн (Франция) және Рим (Италия) қалаларында «Дарындылар отшашуы» халықаралық жобасы аясында конкурсқа қатысты. Бұл туралы ҚазАқпарат облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Сапарды Қарағанды әкімдігінің қолдауымен білім бөлімі ұйымдастырды. Қарағандылықтар халықаралық конкурста Қазақстанның намысын қорғады. 20 қатысушының 15-і 1-дәрежелі дипломмен марапатталды. Төрт үміткер екінші орын және біреуі - үшінші орын алды. Бұдан бұрын хабарланғандай, Қарағанды әкімдігі халықаралық конкурстарда дарынды балалардың сапарларын қаржыландыруды бастады. 2018 жылы қалалық бюджеттен осы мақсатта 13 млн теңге бөлінді. Осы ақшаның есебінен қосымша білім беру ұйымдарының 40 тәрбиеленушісі шетелге сапарлай алады.

https://www.inform.kz/ru/karagandylyk-zhas-muzykanttar-franciya-zhane-rimde-oner-korsetti_a3242900

bottom of page