2018 жылғы 28 мамыр – 5 маусымда Петропавл қаласында балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагогика кадрларына арналған «Компьютерлік үлгілеу негіздерін оқыту әдістері – педагогтердің құзыреттілігін дамыту құралы» біліктілікті арттыру курсы (бұдан әрі – Курс) өткізілді.
Курстың мақсаты: көркемөнер бағытында балаларға арналған қосымша білім беру педагог жұмыскерлердің білімдерін жаңғыртуға және кәсіби шеберліктерін жетілдіруге жағдай жасау.
Курстың міндеттері:
1) қосымша білім беру жүйесіндегі заңнамалық, нормативтік құқықтық актілердегі, көркемөнер бағытында қосымша білім беру мазмұнын, оқытудың заманауи білім беру технологияларындағы жаңартулармен тыңдаушыларды таныстыру;
2) компьютерлік үлгілеу негіздерін оқыту жағдайында тәрбиелеудің әр алуан түрлеріне кіріктірілген тәсілдерді енгізу;
3) педагогикалық қызметтің жекелеген компоненттерін немесе қосымша білім берудің компьютерлік үлгілеу негіздерін оқыту мәнмәтінінде тұтас білім беру үдерісін жобалау;
4) педагогтерге әдістемелік және практикалық көмек көрсету.
Курс балаларға қосымша білім берудің көркем-эстетикалық бағыттарын дамытуға және әрі қарай жетілдіруге қатысты мәселелерді қамтиды, теориялық, практикалық білімдерін жаңарту және педагогтердің кәсіби дағдыларын кеңейтуді, оқу-зерттеушілік қызметті басқару бойынша білімдерін тереңдетуде педагогтерге әдістемелік көмек көрсетуді және балаларға қосымша білім беру ұйымдарында жоғары дамыған негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыруды қамтиды.
Курс блокты-модульды тәсілде негізделген. Курстың жалпы көлемі – 80 академиялық сағат. Курс 4 негізгі модульдерден тұрады.
Нормативтік құқықтық модуль балаларға арналған қосымша білім берудің заңнамалық, нормативтік құқықтық базасының жаңаруы, қазақстандық білімнің жаңғыру бағыттары бойынша сұрақтарды ашады.
Психологиялық-педагогикалық модуль балаларды тәрбиелеуде жас ерекшеліктерін ескере отырып, бала тұлғасын дамытудың психологиялық-педагогикалық аспектілері туралы білімдерін жетілдіруді болжайды, педагогикалық ұжымдағы тұлғааралық қарым-қатынас және кикілжіңдердің алдын алу мәселелерін қарастырады.
Теориялық-технологиялық модуль жаңа педагогикалық, жобалық және зерттеу технологияларды, қосымша білім беру ұйымдарындағы көркемдік-эстетикалық қызметтің мазмұны мен түрлерін, оларды қолдану ерекшеліктерін, негізгі күтілетін нәтижелерді ашады.
Курстың практикаға бағдарланған модулі практикаға бағдарланған білімге көшу жағдайында педагогикалық қызметті жетілдіруге, музыка бағыты бойынша тәжірибе сабақтарының барысында меңгеру мүмкін болатын инновациялық жобаларды іске асыруға ықпал етеді.
Курс тыңдаушыларының мақсатты тобы: көркемөнер бағытында балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың педагог жұмыскерлері.
Тыңдаушылардың саны- 74 адам. Теориялық және практикалық сағаттар мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізілді.
Теориялық және практикалық сабақтарды Петропавл қаласы, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің педагогика және психология кафедрасының жоғарғы білікті оқытушылары, Солтүстік Қазақстан облысы, Білім басқармасының бөлім басшысы, «Рухани Жаңғыру» жобалық кеңсесінің менеджері, Агротехникалық колледжінің әдіскері, ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының әдіскері, «Өнер колледжі-музыкалық-эстетикалық бейіндегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернаты», химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, Абу Досмухаметов атындағы Облыстық дарынды балдарға арналған мектеп гимназиясы, Қазақ мектеп гимназиясы, көркем өнер лицейі оқытушылары жүргізді.
Тыңдаушылар біліктілік арттыру курсының білім беру процесіндегі өзекті технологиялармен танысуға, кейбір инновациялық білім беру технологияларын тәжірибелік түрде меңгеруге мүмкіндік беретінін және курсты өткізудің ұйымдастырылуына өзінің ризашылықтарын жеткізді.
Курс соңында жобаларды сәтті қорғағаннан кейін тыңдаушыларға біліктілікті арттырғаны туралы сертификаттар тапсырылды.