top of page

Жұмыстан қол үзе отырып, балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымд

2018 жылғы 14-22 мамырда Ақтөбе қаласында балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагогика кадрларына арналған «Музыкалық және көркемдік-эстетикалық бағыттағы бағдарламаларды іске асырудағы дәстүрлі және жаңа ақпараттық технологиялардың синтезі» біліктілікті арттыру курсы (бұдан әрі – Курс) өткізілді.

Курстың мақсаты: музыкалық және көркемдік-эстетикалық бағытта балаларға қосымша білім беру педагог жұмыскерлерінің білімдерін жаңғыртуға және кәсіби шеберліктерін жетілдіруге жағдай жасау.

Курстың міндеттері:

1) қосымша білім беру жүйесіндегі заңнамалық және нормативтік құқықтық актілердегі, музыкалық және көркемдік-эстетикалық бағытта қосымша білім беру мазмұнындағы, оқытудың заманауи білім беру технологияларындағы жаңартулармен тыңдаушыларды таныстыру;

2) музыкалық және көркемдік-эстетикалық бағыт қызметіндегі тәрбие берудің әр алуан түрлеріне кіріктірілген тәсілдерді енгізу;

3) педагогикалық қызметтің жекелеген компоненттерін немесе қосымша білім берудің нақты оқу пәнінің мәнмәтінінде тұтас білім беру үдерісін жобалау;

4) педагогтерге әдістемелік және практикалық көмек көрсету.

Курс балаларға қосымша білім берудің музыкалық және көркем-эстетикалық бағыттарын дамытуға және әрі қарай жетілдіруге қатысты мәселелерді қамтыды, теориялық, практикалық білімдерін жаңарту және педагогтердің кәсіби дағдыларын кеңейтуді, оқу-зерттеушілік қызметті басқару бойынша білімдерін тереңдетуде педагогтерге әдістемелік көмек көрсетуді және балаларға қосымша білім беру ұйымдарында жоғары дамыған негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыруды қарастырады.

Курс блокты-модульды тәсілде негізделген. Курстың жалпы көлемі – 80 академиялық сағат. Курс 4 негізгі модульдерден тұрады.

Нормативтік құқықтық модуль балаларға қосымша білім берудің заңнамалық және нормативтік құқықтық базасының жаңаруы, қазақстандық білімнің жаңару бағыттары бойынша мәселелерді ашады.

Психологиялық-педагогикалық модуль балаларды тәрбиелеуде жас ерекшеліктерін ескере отырып, бала тұлғасын дамытудың психологиялық-педагогикалық аспектілері туралы білімдерін жетілдіруді болжайды, педагогикалық ұжымдағы тұлғааралық қарым-қатынас және кикілжіңдердің алдын алу мәселелерін қарастырады.

Теориялық-технологиялық модуль жаңа педагогикалық, жобалық және зерттеу технологияларды, қосымша білім беру ұйымдарындағы музыкалық және көркемдік-эстетикалық бағыттағы жұмысының мазмұны мен түрлерін, оларды қолдану ерекшеліктерін, негізгі күтілетін нәтижелерді ашады.

Курстың практикаға бағдарланған модулі практикаға бағдарланған білімге көшу жағдайында педагогикалық қызметті жетілдіруге, музыкалық және көркемдік-эстетикалық бағыты бойынша тәжірибе сабақтарының барысында меңгеру мүмкін болатын инновациялық жобаларды іске асыруға ықпал етеді.

Курс тыңдаушыларының мақсатты тобы: музыкалық және көркемдік-эстетикалық бағытта балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың педагог жұмыскерлері.

Тыңдаушылардың саны – 76 адам. Теориялық және практикалық сабақтар мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізілді.

Теориялық және практикалық сабақтарды ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқарма басшысы, ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының әдіскері, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің оқытушылары, сондай-ақ Ақтөбе қаласы №23 мектеп-гимназиясының музыка пәні мұғалімдері, Оқушылар сарайының қосымша білім беру педагогтері жүргізді.

Тыңдаушылар біліктілік арттыру курсының білім беру процесіндегі өзекті технологиялармен танысуға, кейбір инновациялық білім беру технологияларын тәжірибелік түрде меңгеруге мүмкіндік беретінін және курсты өткізудің ұйымдастырылуына өзінің ризашылықтарын жеткізді.

Курс соңында жобаларды сәтті қорғағаннан кейін тыңдаушыларға біліктілікті арттырғаны туралы сертификаттар тапсырылды.


bottom of page