- Іс - шараны ұйымдастырушы: "КазРоботикс" спорттық және білім беру робототехника республикалық қоғамдық қоры (Жамбыл облысы бойынша аймақтық өкілі - Г.Д.Исмаилова федерация мүшесі - А.Суранчиева).
- Финалдық жарыстарда бас серіктес: ҚР бірінші Президент қоры.
- Іріктеу кезеңінің негізгі серіктестері: Жамбыл облысының білім басқармасы, Жас Отан жастар қанаты, ТарМУ, ТШО.
- Іс - шараның сайты:www.kazrobotics.org
- Іс - шараға қатысушылар саны: 122 оқушы, 34 педагог. "KazRoboSport-2018" Республикалық робототехника чемпионаты 6-21 жас (қоса алғанда) аралығындағы оқушылар мен білімгерлерге А,В,С лигасы бойынша өткізіледі.
- Чемпионат мына жас ерешеліктерімен өткізіледі:
А лигасы (1-ші оқу жылы) 6-13 жас кіші топ (туылған жылын кіргізу) және 14-18 жас жоғарғы топ (туылған жылын кіргізу)
В лигасы (2-ші оқу жылы және одан көп) кіші топ 10-15 жас (туылған жылын кіргізу), үлкен топ 16-21 жас (туылған жылын кіргізу).
С лигасы (2-ші және одан да көп қатысқандар) кіші топ 10-15 жас (туылған жылын кіргізу), жоғарғы топ 16-21 жас (туылған жылын көрсету)
- Чемпионатқа қатысушылар мына категория бойынша сайысады:
А лигасы:
Сызықпен жүру - жас ерекшеліктеріне байланысты кіші және жоғарғы топ.
Кегельрингквадро - кіші және жоғарғы топ.
Робо-сумо кіші және жоғарғы топ.
В лигасы:
Робо-сумо кіші жас тобы.
Қадам басушы Робо-сумо жоғарғы жас тобы
Биатлон кіші және жоғарғы жас топтары
С лигасы:
Эстафета - жалпы жас топтары
Лабиринт - жалпы жас топтары
Әр санат бойынша қатысушылар саны: 2 адам.
Чемпионатқа қатысушы робот платформасы: шектеусіз, қатысу тегін.
Чемпионат екі кезеңнен тұрады:
1. Іріктеу чемпиоанты: 2018 жылдың 2 тоқсанында ҚР Әкімшілік орталықтарында өткізіледі. Іріктеу чемпионатына қатысу тегін. Барлық қатысушыларға сертификат беріледі. Жеңімпаздар федерациядан диплом алады. Бірінші орындағы және аймақтық құрама командаларға қабылданып, республикалық "KazRoboSport-2018" чемпионатына қатысады.
2. 2018 жылдың қазан айында Петропавл қаласында өткізілуді жоспарлап отыр. Шығындар демеушілері мен іс-шараның серіктестері есебінен шығады.
"KazRoboProject-2018" байқауының міндеттері:
Талантты оқушылар мен әр салалы, ЖОО дарынды оқушылардың назарын аудару.
Байқау 2 жас санатында өткізіледі:
- Бірінші жас санаты: 10-15 жас
- Екінші жас санаты: 16-21 жас
Байқауға қатысуға команда құрамы: 2 адам.
Робототехникалық жобалардың тақырыптары:
- Еркін. Негізгі талап - жоба Қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін көтеруге ықпал етуі тиіс.
Робот платформасына байқауға қатысу:
Байқау ІІ кезеңнен тұрады:
1. Іріктеу кезеңі. ҚР-ның Әкімшілік орталықтарының 2018 жылдың 2 тоқсанында өткізіледі. Іріктеу кезеңіне қатысу - тегін. Жеңімпаздар (бірінші орындар) федерациадан диплом алып, Республикалық "KazRoboProject-2018" байқауына қатысып өңірлердің намысын қорғау мүмкіндігіне ие болады.
2. Республикалық байқау кезеңі: 2018 жылдың маусым айында өтілетіні жоспарлауда. Шығыстарды іс-шара өткізушілер мен демеушілер өз мойнына алады.