• 26 апр. 2018 г.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат з


2018 жылғы 24 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысындағы Экологиялық орталықта «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің облыстық форумы өткізілді.

Форум білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлке табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу мақсатында өткізілді. Іс-шараға облыстың Шымкент, Арыс, Түркістан, Кентау қалаларының және Төлеби, Отырар, Ордабасы, Сарыағаш, Созақ, Мақтаарал, Сайрам, Қазығұрт, Шардара, Бәйдібек, Түлкібас аудандарының 14-16 жастағы жалпы білім беретін мектептерінің білім алушылары қатысты.

Форумға 172 жұмыс 8 номинация бойынша қабылданды.

«Туған өлкені зерттейміз», «Жасыл экономика», «Денсаулық және қоршаған орта» номинацияларында білім алушылар табиғат ресурстарын тиімді қолдану, қорғау және қорық аймақтары мен табиғи ескерткіштерді зерттеу, қоршаған ортаның адам денсаулығына әсері жайында жүргізген жұмыстарын қорғады.

«Экоәлем», «Қызыл кітап беттерінен» номинацияларында туған өлке өңірінде кездесетін өсімдіктер мен жануарлар, олардың «Қызыл кітапқа» енген түрлері және көркейту, көгалдандыру бойынша жүргізілген экологиялық жұмыстарының презентациялары қорғалды.

«Мерейтойыңмен, Астана!», «Қалдықтардан табыстарға...» номинацияларында білім алушылар табиғи және қалдық заттардан жасалған шығармашылық жұмыстарымен таныстырды.

Экологиялық квест «Табиғаттың құтқарушы шеңбері» номинациясында экология-биология бағыттары бойынша қойылған тапсырмаларды білім алушылар топпен қорғады.

Іс-шараға қатысқан жұмыстарды жоғары дәрежелі қазылар алқасының құрамы сараптап, жүлделі орын иелерін анықтады. Жеңімпаздар дипломдар және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

  • жас саяхатшы

Недавние посты

Смотреть все

Қазақстанда ҰБТ-2021 басталды

Диснейленд үлкен күн электр станциясын ашады

Ішкі істер министрінің кеңесшісімен кездесу өтті

Байланысымыз:

 

Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) -8 (7172) 64-27-08.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлім-8 (7172) 64-27-23.

Туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық бағыттағы бөлім-8 (7172) 64-27-24.

Ғылыми-техникалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-22.

Көркем-эстетикалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-32.

Әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы бөлім - 8 (7172) 64-27-31.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-27-20.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО БжҒМ 2019 ж.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК

РГКП «Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования»

Министерства образования и науки Республики Казахстан

KZ

RUS

ENG

  • Бастапқы бет

  • Орталық туралы

  • Заңнама

  • Орталық қызметі

  • Баспасөз қызметі

  • Зияткер

  • More