top of page
«Гүлдене бер, Қазақстан!» туристік-өлкетану-экологиялық зерттеу жұмыстарының байқауы
2018 жылғы 20 сәуірде Алматы облысындағы Қазақ спорт және туризм академиясында «Гүлдене бер, Қазақстан!» ІV республикалық туристік-өлкетану-экологиялық зерттеу жұмыстарының байқауы өткізілді.
Байқау үш бағыт бойынша өткізілді:
  1. Тарихи өлкетану, туған өлке шежіресі, әдеби өлкетану және топонимика.
  2. Туризм – бұл біз. Экологиялық өлкетану.
  3. Жас экскурсовод.
Байқауға еліміздің барлық өңірлерінен 70-тен аса жұмыс қабылданды. Текелі қаласындағы балалар мен жасөспірімдердің туристік және өлкетану орталығынан қатысқан жұмыстар жүлделі орындарға ие болды.
№ 4 орта мектептің 10 сынып оқушысы«Туризм – бұл біз. Экологиялық өлкетану» бөлімінде «Жоңғар Алатауында Сиверс алма ағаштарының таратылу ауданы» жобасымен І орынға ие болды.
№5 орта мектептің 10 сынып оқушысы «Туризм – бұл біз. Экологиялық өлкетану» бөлімінде «Жетісу Алатауындағы Қызыл кітапқа енген өсімдіктер» жобасымен ІІІ орынға ие болды.
Байқау жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежедегі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен, байқау жеңімпаздарының жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды, орынға ілікпеген қатысушыларға сертификаттар берілді.
Байланысымыз:
Қазақстан, Астана қаласы,  Кенесары көшесі, 40.
БО " 7 континент" 15 қабат.
Қабылдау бөлімі (факс) - 8 (7172) 64-75-94.  
Ақпараттық-аналитикалық бөлімі - 8 (7172) 64-75-88.
Туризм, экология және техника бөлімі - 8 (7172) 64-75-89.
Балалар мен жасөспірімдер қозғалысын үйлестіру бөлімі - 8 (7172) 64-75-91.
Музыкалық, көркем-эстетикалық шығармашылық бөлімі - 8 (7172) 64-75-92.
Әлеуметтік-педагогикалық қызмет бөлімі - 8 (7172) 64-75-93.
Бухгалтерия - 8 (7172) 64-75-90.
E-mail: rumcdo12@mail.ru
© РҚББОӘО ОАМ 2023 ж.
bottom of page