Тарихи мұраны сақтау-біздің борышымыз!
- Rumsdo rumsdo
- 19 апр. 2018 г.
- 1 мин. чтения
2018 жылғы 18 сәуірде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Бақытты бала» жобасы аясында Қалалық жас туристер станциясының оқушыларына Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне арналған «Тарихи мұраны сақтау – біздің борышымыз!» тақырыбында іс-шара жүргізілді. Іс-шараның салтанатты ашылуы Ұ. Құлымбетов атындағы № 64 орта жалпы білім беретін мектепте өткізілді.
Іс-шара аясында Қалалық жас туристер станциясының оқушыларына «Ескерткіш – ел тарихы» тақырыптық экскурсиясы жүргізілді. Экскурсия барысында оқушылар Ұ. Құлымбетов, Тілеу батыр, «Қан мен тер», Әбілқайыр хан ескерткіштерімен танысып, тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.
Экскурсия оқушыларға тарихи және мәдени ескерткіштер туралы толық мағлұмат беру, ескерткіштердің тарихымен таныстыру, болашаққа аманат екенін түсіндіру, тарихи және мәдени ескерткіштер жайында ой-өрістерін дамыту, оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.

