• 4 апр. 2018 г.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Бақытты бала» жобасы аясындағы «Арайлы Ақтөбе – туған өлкем!» қала

Ақтөбе қаласының жас туристер станциясы 2018 жылғы 30 наурызда 6-11 сынып аралығындағы мектеп оқушыларына арналған «Арайлы Ақтөбе - туған өлкем!» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді.

Еліміздің жас ұрпақтарын азаматтық және патриоттық сезімге тәрбиелеу, туған өлкесіне, тарихи мәдениетіне және рухани мұрасына деген көзқарасын арттыру мен туристік-өлкетану жұмысының инновациялық әдістері мен түрлерін ізденуге баулу мақсатында ұйымдастырылған конференцияны өткізу дәстүрге айналған. Конференция барысында мектеп оқушылары үш бағытта ғылыми-зерттеу жобаларын қорғады.

«Арайлы Ақтөбе – туған өлкем!» қалалық ғылыми – тәжірибелік конференциясына қала мектептерінен және қосымша білім беру ұйымдарынан 26 оқушы қатысты.

Конференция білім алушылардың өз туған өлкесінің тарихы мен белгілі қайраткерлері туралы ізденіс жұмыстарын дамытуға ықпал етті.

Үш бағыт бойынша жүлделі орындарды иеленген жеңімпаздардың тізімі:

«Тарихыңды таны – тұлғаңды құрметте» бағыты бойынша

І орын - Тулегенов Болатбек, № 47 орта мектеп;

ІІ орын – Шоқанов Медетхан, № 60 орта мектеп;

Умаргалиева Лейла, Қалалық жас туристер станциясы;

ІІІ орын - Батырбекұлы Сұлтанбек, №28 орта мектеп;

Жақып Айсұлу, Саматова Карина, Қалалық жас туристер станциясы.

«Шежіре тұнған – құт мекен» бағыты бойынша

І орын – Сокуров Айбек, № 59 орта мектеп;

ІІ орын – Есенова Дильназ, № 27 орта мектеп-лицей;

ІІІ орын – Қасымхан Мереке, Ундыбаева Мадина, № 60 орта мектеп; Смадиярова Ақниет, Қалалық жас туристер станциясы.

«Табиғат – алтын бесік» бағыты бойынша

І орын – Мамбетова Жансая, Қалалық жас туристер станциясы;

ІІ орын – Құттығұл Дильназ, Қалалық жас туристер станциясы;

ІІІ орын – Қалмырзаұлы Асылан, М.Арын атындағы Қарғалы орта мектебі.

Жеңімпаздар қалалық білім бөлімі мен ғылыми-әдістемелік орталықтың дипломдарымен марапатталды. Конференция қатысушыларына сертификаттар және тезис жинақтары тарту етілді.

  • жас саяхатшы

Недавние посты

Смотреть все

«Алау» және «Жас ұлан» әскери-спорттық ойындарының жеңімпаздарын құттықтаймыз

Алматы облысы, Көксу ауданы, Қ.Қ. Жалайыри атындағы ОМГ «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдердің республикалық әскери-патриоттық қозғалысы ұйымының ұйымдастыруымен өткен облыстық «Алау» және «Жас ұла

«Қысқы спорт түрлері» тақырыбында брейн-ринг

2021 жылғы 09 қаңтар күні Қарағанды қаласы, №77 жалпы білім беру мектеп- балабақша кешенінің «Жас Сарбаз» 9"Б",10"Б", сынып тәрбиеленушілері арасында «Қысқы спорт түрлері» тақырыбында брейн-ринг өткіз

«Қайырымдылық – адамгершілік белгісі»

Қарағанды облысы, Сатпаев қаласы С.Сейфуллин атындағы гимназиясы қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастау мақсатында, адам өміріндегі ең игі істерінің

Байланысымыз:

 

Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) -8 (7172) 64-27-08.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлім-8 (7172) 64-27-23.

Туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық бағыттағы бөлім-8 (7172) 64-27-24.

Ғылыми-техникалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-22.

Көркем-эстетикалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-32.

Әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы бөлім - 8 (7172) 64-27-31.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-27-20.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО БжҒМ 2019 ж.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК

РГКП «Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования»

Министерства образования и науки Республики Казахстан

KZ

RUS

ENG

  • Бастапқы бет

  • Орталық туралы

  • Заңнама

  • Орталық қызметі

  • Баспасөз қызметі

  • Зияткер

  • More