top of page

Өскемен қаласының әкімі Қ.М. Тұмабаевтың алдында электрвелосипедтің тұсаукесер рәсімі.

2018 жылы 15 наурызда Өскемен қаласы әкімдігінің «Жас техниктер станциясында» электровелосипедтің тұсаукесер рәсімі өтті. Аталмыш шараға қала әкімі Қ. Тұмабаев пен Германияның HeideelвеigCement, CLAAS, СT Aгро кәсіпорындарының өкілдері қатысты. Сондай-ақ, шеберлік сыныптарына қатысушылар мен қала мектептерінің оқушылары қатысты, барлығы 70 оқушы.

Қала әкімі өз сөзінде барша жиылған қауымды айтулы бастамамен құттықтап, велоспортты дамытып, салауатты өмір салтын ұстануда баршаға сәттілік тіледі. Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастықты дамыту ұйымының кураторы Нүргүл Айдаболова екі ел арасындағы достық қарым қатынасты одан әрі дамыта түсу қажеттілігіне тоқталды.

Жас техниктер станциясының тәрбиеленушілері Теміртау политехникалық колледжінің шебері Серік Солтанбековтен тәлім алған болатын. Презентация барысында шебер электровелосипедтің артықшылықтарын көпшілікке паш етті. Ол сағатына 45 шақырымға дейін жылдамдығын арттырады, аккумуляторы болса 4 сағаттың ішінде қуаттанады. Бұл қуат 120 шақырым жол жүріп өтуге мүмкіндік береді, сонымен қатар бұл велосипедтер экологияны еш ластамайды. Сөз соңында Алмас Солтанбеков қала әкіміне велосипед кілтін тапсырды.

Шара соңында қатысушылар электровелосипедті сынақтан өткізіп көрді.

bottom of page