«Спорттық туризм – оқушыларды физикалық тәрбиелеудегі маңызды құрал» қалалық семинар-практикум
- Rumsdo rumsdo
- 5 февр. 2018 г.
- 1 мин. чтения
Қалалық жас туристер станциясы 2018 жылғы 3 ақпанда №60 жалпы білім беретін орта мектептің базасында «Спорттық туризм – оқушыларды физикалық тәрбиелеудегі маңызды құрал» қосымша білім беру педагогтері мен дене шынықтыру пәнінің мұғалімдеріне арналған қалалық семинар-практикумын өткізді.
Семинардың мақсаты: қала мектептерінде спорттық – туристік жұмыс сапасын көтеру, спорттық – туристік шеберліктің әдістерін меңгеру.
Семинарға қала мектептерінен 27 мұғалім қатысты.
Аталған семнар теориялық және практикалық бөлімдерден құралды.
Семинар барысында теориялық бөлімде: «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде алғашқы көмек көрсету. Құтқару жолдары» (ТЖК мамандары); «Бивак және бивуак жұмыстары» (А.Тоқсанбева); «Шаңғы туризмінің техникасы және тактикасы» (Н. Нурмаганбет); «Спорттық бағдарлау туралы жалпы түсінік» (Н. Шуренбаев) тақырыптары бойынша дәрістер оқытылды.
Практикалық бөлімде: «Тау туризмінің техникасы», «Шаңғы туризмі техникасы бойынша жұмыс» (Н.Нурмаганбет); «Спорттық бағдарлаудан практикалық жұмыс» (Н.Шуренбаев) тақырыптары бойынша Қалалық жас туристер станциясының қосымша білім беру педагогтері практикалық сабақ өткізді.
Мұғалімдер семинар барысында аспалы өткелден өту, жасанды шыңға шығу, шырша тәсілімен және жумармен көтерілу, жіпті қолданып баспалдақ әдісімен түсу, қауіпті аймақтан өту әдіс-тәсілдерімен жұмыс жасап шеберліктерін жетілдірді.
Семинар соңында қатысушыларға Ақтөбе қаласы білім бөлімінің Қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының сертификаттары берілді.



