top of page

«Қосымша білім беру жағдайында білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Шаңғы жорығын өтк

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Батыс Қазақстан облысы балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығында 2018 жылдың 22-26 қаңтар аралығында «Қосымша білім беру жағдайында білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Шаңғы жорығын өткізу әдістемесі мен қауіпсіздігі» тақырыбында Республикалық біліктілікті арттыру курсы өтті.

Шаңғы туризмі туралы білікті арттыруға арналған курстан Алматы, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарынан 25 қосымша білім беру педагогтары дәріс алды. Курс барысында В.П.Фомин, Г.Г.Невзоров, Г.З.Усағалиева, З.А.Ғаббасова, К.Е.Неталиевалар қосымша білім беру педагогтарына өте қажетті дәрістер оқыды. Қатысушыларға «Жорыққа дайындаламыз» іскерлік ойыны, «Кешкі Орал» экскурсиялары ұйымдастырылды.

24-26 қаңтар аралығында қатысушылар берілген білімдерді пысықтау, шаңғы жорығы жетекшілерін дайындау мақсатында «Евразия ТСК – Самал ТЛ – Садов көлі – Жамбыл ауылы – Новостройка ауылы – Селекционный ауылы – Евразия ТСК» маршрутында 3 күндік далалық шаңғы жорығына шықты. Жорық кезінде шаңғы туризмі техникасын, далалық жорыққа шығу әдісін практикалық тұрғыда меңгеріп, тәжірибелерін толықтырды.

Байланысымыз:

 

Қазақстан, Астана қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) - 8 (7172) 64-75-94.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлімі - 8 (7172) 64-75-88.

Туризм, экология және техника бөлімі - 8 (7172) 64-75-89.

Балалар мен жасөспірімдер қозғалысын үйлестіру бөлімі - 8 (7172) 64-75-91.

Музыкалық, көркем-эстетикалық шығармашылық бөлімі - 8 (7172) 64-75-92.

Әлеуметтік-педагогикалық қызмет бөлімі - 8 (7172) 64-75-93.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-75-90.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО ОАМ 2023 ж.

bottom of page