top of page

Фортепианалық миниатюралар

Павлодар қаласы Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінде пьесалар мен ансамбльдерді фортепианода үздік орындау бойынша конкурс өтті. Конкурсқа 8-13 жастағы 20 жас пианинашы қатысты. Тиісінше құрамында көп қатысушыларды орта және жоғары сыныптарының оқушылары құрады.

Қойылым бағдарламасы жан-жақты, мәнерлі жанрда жоспарланған. Конкурста П. Чайковский, Р. Шуман, П. Ходжаеа, И. Берковиа, В. Коровицын, А. Гречанинов әндері шырқалды. Қойылымдар әртістік және эмоционалдық орындалуымен ерекшеленді.

«Фортепианалық ансамбль» номинациясында Тасыбаева Дария, Чистова Алиса, 8 жас, Гавриш Эрнест, 10 жас, 9 жастағы Ахметова Риза, жеңімпаз атанды. ІІ орынды Голубев Михаил, 7 жас, Коваленко Богдан, 8 жас, Турганбекова Разия, 10 жас, 12 жастағы Жумкешова Малика иеленді. 3-сыйлық Хисматуллина Алина, 8 жас, Куаныш Томирис, 10 жас, Равиль Алуа, 9 жас, 12 жастағы Мудваров Давидке бұйырды.

«Аспаптық пьеса» номинациясында І орынды Ахметова Риза иеленді. Өзінің өрімдей жасына қарамастан Риза 2017 жылы «Жаңа жылдық қарбалас» балалар, жастар және ересектер шығармашылығының ІІ республикалық конкурс-фестивалінде гран-при иегері болып табылады. ІІ орынды Голубев Михаил, Гавриш Эрнест, Литвинов Вадим иеленді. 3-сыйлық лауреаттары Байкенов Бекзат, Жумкешова Малика, Есимова Жайна, Степанова Тоня, Жилкибаева Адия, Халимон Карина. Хисматуллина Алина және Равиль Алуа «Қатысқаны үшін» грамоталар алды.

 
 
 

Недавние посты

Смотреть все
Айбын-2025

Шымкент қаласы Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен “Айбын-2025” ХІ Халықаралық әскери - патриоттық жасөспірімдер жиынының Шымкент...

 
 
 

Comments


Байланысымыз:

 

Қазақстан, Астана қаласы,

Керей және Жәнібек хандар көшесі 30

Қабылдау бөлімі 

Ақпараттық-аналитикалық бөлімі 

Туризм, экология және техника бөлімі 

Балалар мен жасөспірімдер қозғалысын үйлестіру бөлімі

Музыкалық, көркем-эстетикалық шығармашылық бөлімі 

Әлеуметтік-педагогикалық қызмет бөлімі 

Бухгалтерия 

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО ОАМ 2024 ж.

bottom of page