• 5 янв. 2018 г.

«Қар ханшайымы» ертегісінің қойылымы

Қысқы каникул күндері Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінде ерте жастан музыкалық сахналық дамыту тобында (жетекшісі Юлия Вадимовна Захарчук) Г.Х. Андерсеннің «Қар ханшайымы» ертегісінің жаңа жылдық қойылымы өтті.

Жаңа жыл – үнемі ғажайыпты күту, сиқырға айналу, қызықты оқиғалар мен таңғажайып өзгерістерге толы. Спектакльдің қойылымында жас актерлердің сөз мәнері, қылықтары, би нөмірлеріндегі пластикада тыңғылықты жұмыс атқарғаны байқалды.

Премьералық спектакльге дайындалуға ата-аналар мен мектеп педагогтары жұмылдырылды. Барлығы аса қызығушылықпен костюмдер таңдап, спектакльге декорация дайындады, сахнаны және көрермендер залын безендірді.

Спектакль қойылымы балалар мен ересектерді ертегінің сиқырлы әлеміне баурап әкетті. Барлық қатысушылар мерекелік оқиға атмосферасына еніп кеткендей күй кешті. Қойылым соңында Аяз ата келіп, барлық спектакль қатысушыларына жаңа жылдық тәтті сыйлықтарды тарту етті. Ертегіде ғажайыптар кездеседі, сахнада да таңғажайып орын алды: біздің бөбектер кішкентай әртіске айналды! Мереке көңілді, мейірімді және нағыз жаңа жыл мерекесі болды.

  • музыканттар

Недавние посты

Смотреть все

«Алау» және «Жас ұлан» әскери-спорттық ойындарының жеңімпаздарын құттықтаймыз

Алматы облысы, Көксу ауданы, Қ.Қ. Жалайыри атындағы ОМГ «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдердің республикалық әскери-патриоттық қозғалысы ұйымының ұйымдастыруымен өткен облыстық «Алау» және «Жас ұла

«Қысқы спорт түрлері» тақырыбында брейн-ринг

2021 жылғы 09 қаңтар күні Қарағанды қаласы, №77 жалпы білім беру мектеп- балабақша кешенінің «Жас Сарбаз» 9"Б",10"Б", сынып тәрбиеленушілері арасында «Қысқы спорт түрлері» тақырыбында брейн-ринг өткіз

«Қайырымдылық – адамгершілік белгісі»

Қарағанды облысы, Сатпаев қаласы С.Сейфуллин атындағы гимназиясы қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастау мақсатында, адам өміріндегі ең игі істерінің

Байланысымыз:

 

Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) -8 (7172) 64-27-08.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлім-8 (7172) 64-27-23.

Туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық бағыттағы бөлім-8 (7172) 64-27-24.

Ғылыми-техникалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-22.

Көркем-эстетикалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-32.

Әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы бөлім - 8 (7172) 64-27-31.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-27-20.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО БжҒМ 2019 ж.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК

РГКП «Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования»

Министерства образования и науки Республики Казахстан

KZ

RUS

ENG

  • Бастапқы бет

  • Орталық туралы

  • Заңнама

  • Орталық қызметі

  • Баспасөз қызметі

  • Зияткер

  • More