Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназия бойынша қараша айында 10 сынып гимназия оқушылары арасында «Мекептшілік пікірсайыс турнирі» болып өтті. «1959 жылдың 20 қарашасы күні Ассамблея Бала құқықтары жөніндегі декларацияны және 1989 жылы дәл осы күні Балалар құқықтары туралы конвенцияны қабылдау» күніне орай ұйымдастырылған шараға 4 команда қатынасты. Мақсаты Бала құқығы конвенциясы қабылдау күнін атап өту және де оқушылардың шығармашлығын, белсенділігін, ұйымшылдығын артыру болды.
Пікірсайыс турнирі Американдық Парламенттік Формат негізінде ұйымдастырылып, қатысушы оқушылар алдын-ала жеребе суыру арқылы жақтаушы немесе даттаушы болып бөлінді. Ойын шарты түсінідіріліп, негізгі факті және де өз ойын анық жеткізе алу керектігі түсіндірілді.
Өткізілген іс-шараларға мектеп оқушылары, мұғалімдер және де сынып жетекшілер қамтылып, қосымша білім беру педагогы шара соңында оқушыларға өз алғысын білдіріп, алғыс хаттармен оқушыларды марапатттады.
Осылайша 18 қараша күнгі ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназияда өткен «Мектепшілік пікірсайыс турнирі» жоғары деңгейде аяқталды.

