Оқушылардың техникалық шығармашылығын және конструкторлық ой-өрісін дамыту, балалардың шығармашылық қабілеттерін, қағазбен жұмыс жасауда практикалық әдеттерін дамыту, эстетикалық және көркемдік талғамын қалыптастыру мақсатында 24-27 қазан аралығында Ақтөбе Қалалық техникалық шығармашылық орталығының ұйымдастырылуымен 3-4 сынып оқушылары арасында «Балалықтың әлемі» Шеберлер қаласы тақырыбында бастапқы-техникалық үлгілеуден қалалық байқау ұйымдастырылып өткізілді.
Байқау 3 кезеңнен тұрды:
1 кезең- көрме (жарамсыз қалдық және табиғи материалдан жасалған макет)
2 кезең- жұмысын ұсыну
3 кезең-практикалық жұмыс (үлгі-қалып арқылы тапсырманы орындау)
Байқауға 3-4 сынып оқушыларының еңбек сабақтарында, БТМ үйірме жұмыстарында жасалған макеттер ұсынылады. Қағаз бен картоннан жасалған бір тақырыпқа арналған макеттер.
Макеттер қондырғыға орналастырылып, бір тақырыпқа арналып бірнеше модельдерден (ең кемінде 5-тен кем емес) тұруы қажет. Макеттің ауданы 0,5 (50х50 см) болуы қажет. Мысалы: балалар алаңы, балалар кешені, спорттық балалар алаңы және т.б.![endif]--
[endif]--
Қалалық байқауға Ақтөбе қаласының 40 тан астам мектеп оқушылары қатысты. Жүлделі командалық орындар келесі түрде белгіленді:
1 орын-№ 17 ОМ
2 орын-№29 ОМ
3 орын-№28 ОМ


![endif]--