Қызылорда облысының барлық аудандары мен Қызылорда қаласы "Жас Ұлан" ұйымының Көшбасшылары V облыстық "Ұланымыз ұлы елдің" слетіне жиналды. Слет Ғани Мұратбаевтың 115 жылдығына арналған. Слет шеңберінде Ғани Мұратбаевтың 115 жылдығына арналған «Мен Ғанимын мәңгілік тірі жүрген» облыстық байқауы қорытындыланып, жеңімпаздар марапатталып, аталған кітаптың тұсаукесері болады.Елу оқушы Жас ұлан қатарына қабылданады.

