Ақтөбе қаласында 2017 жылғы 11-12 қазан күндері қалалық жас туристер станциясының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде білім алушылар арасында және білім қызметкерлерінің арасында спорттық туризм техникасынан «Алтын күз-2017» жарысы өтті.
Жарыстың негізгі мақсаты – балалардың спорттық-туристік шеберлігін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, маңызды тәрбиелік құрал ретінде білім аушылар арасында туризмді дамыту, командалар арасында ең мықтыларды анықтау, туған өлкеге деген сүйіспеншіліктерін, патриоттық сезімдерін арттыру.
Байқауға Ақтөбе қаласының мектептерінен 25 топ, яғни 100 білім алушы, білім саласы қызметкерлерінен 12 топ, яғни 48 мұғалім қатысты.
Екі күндік жарыс «Өткелдер», «Аспалы өткел», «Лидер» қашықтығы, «Үздік туристік ас дайындау» және т.б. номинациялар бойынша өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша мұғалімдер арасында жалпы топтық есепте І орынды №46 орта мектеп, ІІ орынды Благодар орта мектебі, ІІІ орынды № 53 және № 50 орта мектептер иеленді.
Білім алушылар арасында жалпы топтық есепте жүлделі орындарды №№ 24, 1, 31, 53 мектеп білім алушылары иеленді.
Жарыстың жеңімпаздары Ақтөбе қаласының білім бөлімі атынан І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен, кубоктармен және қалалық жас туристер станциясының атынан мадақтамалармен марапатталады.




