Оңтүстік Қазақстан облысының экологиялық орталығымен жасөспірімдер арасында экологиялық білім мен тәрбие беруді насихаттау және оқушыларды үйірме жұмыстарына тарту, қоршаған ортаны қорғау жұмыстарына баулу мақсатында орталық базасында «Ашық есік күні» мен «Ұстаздар ұлы тұлғалар» атты салтанатты жиыны өтті.
Орталық директоры Ұлжан Жайлауқызы білім алушыларды, ұстаздар мен қонақтарды төл мереке ұстаздар күнімен құттықтап, жас экологтарымызға алдағы уақытта бос уақыттарын тиімді пайдаланып, үйірме жұмыстарына белсенді қатысуға шақырды.
Іс-шара барысында орталығымыздың табалдырығын алғаш аттаған оқушылар салтанатты түрде ант қабылдап жас экологтар қатарына қосылды. Сонымен қатар білім алушылар ұстаздар күніне арналған өлең шумақтарын оқып, әсем ән шырқап, сахналық қойылымдарын ұсынды.
Іс-шараға білім алушылар белсене қатысып, естелікке суретке түсумен аяқтады.




Ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі
Керимбеков Мухтар Капанович