• 27 сент. 2017 г.

«Менің денсаулығым-менің болашағым-менің экологиям» атты облыстық жас экологтар слеті

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Оңтүстік Қазақстан облысының экологиялық орталығының ұйымдастыруымен 2017 жылғы 20-22 қыркүйек күндері Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Әмір-Темір ауылы, «Үшбұлақ» жазғы сауықтыру лагері базасында «Менің денсаулығым-менің болашағым-менің экологиям» атты облыстық жас экологтар слеті өтті.

Слеттің мақсаты: жас ұрпақтың денсаулығын сақтау және нығайту, ақыл-ой санасын салауатты өмір салты негізінде қалыптастыру, экологиялық тәрбие мен білімді насихаттау.

Слетке облыс бойынша жалпы орта білім беретін мектептер мен қосымша білім беру мекемелерінің 8 сынып оқушыларынан құралған жалпы 14 команда қатысты.

Слетке қатысушы командалар 5 бағыт бойынша сайысқа түсті:

  1. «Экология - өмірдің соғып тұрған жүрегі» үгіт-насихат тақырыбындағы түрлі жанрдағы көріністер;

  2. «Білгір эколог» экологиялық лабиринт,

  3. «Экология және біз» экологиялық соқпақ;

  4. «Дені саудың-жаны сау» спорттық эстафета;

  5. «Табиғат-анамыз өзіңнен денсаулық аламыз» байқауы.

Слеттің барысында кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының оқытушылары, табиғат қорғау саласының мамандары, жалпы білім беретін және қосымша білім беру ұйымдарының жоғары санатты мұғалімдері сайысқа қатысушы командалардың білімдері мен өнерлерін сараптап, бағалау жұмыстарын жүргізді.

Сайыс қорытындысы бойынша төмендегі командалар жеңімпаз деп танылды:

Биылғы слеттің бағдарламасы мазмұнының жаңашылдығымен сонымен қатар, ақыл ой санасы қалыптасқан жеке жауапкершілікті көздеген, ел игілігі үшін жұмыс жасар азамат пен азаматшалар қалыптастыруға бағытталған кешкі пікір алмасулар ұйымдастырылуымен ерекшеленеді. Жеңімпаз командалар дипломдар, арнайы сыйлықтарымен марапатталды.

Облыстық экологиялық орталығының

директоры У.Ж.Камытбекова

  • зеленая планета

Недавние посты

Смотреть все

Қазақстанда ҰБТ-2021 басталды

Диснейленд үлкен күн электр станциясын ашады

Ішкі істер министрінің кеңесшісімен кездесу өтті

Байланысымыз:

 

Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) -8 (7172) 64-27-08.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлім-8 (7172) 64-27-23.

Туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық бағыттағы бөлім-8 (7172) 64-27-24.

Ғылыми-техникалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-22.

Көркем-эстетикалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-32.

Әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы бөлім - 8 (7172) 64-27-31.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-27-20.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО БжҒМ 2019 ж.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК

РГКП «Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования»

Министерства образования и науки Республики Казахстан

KZ

RUS

ENG

  • Бастапқы бет

  • Орталық туралы

  • Заңнама

  • Орталық қызметі

  • Баспасөз қызметі

  • Зияткер

  • More