2017 жылғы 22 қыркүйекте Ақтөбе қаласы «Өрлеу» елді – мекенінің «Достық» лагерінде Қалалық жас туристер станциясы «Жас бағдарлаушы - 2017» спорттық бағдарлаудан қалалық ашық біріншілігін өткізді.
Жарыстың мақсаты: салауатты өмір салтын қалыптастыру; оқушылардың спорттық бағдарлауға қызығушылықтарын арттыру; спорттық бағдарлау элементтерін насихаттау және дамыту.
Жарысқа Ақтөбе қаласының №60, №45, №53, №46, №37, Благодар, Пригородный мектептерінің және қалалық жас туристер станциясының оқушылары қатысты. Барлығы 100-ге жуық оқушы. Жарыс жеке дистанция бойынша өткізілді. Қатысушылар жыл категориясына және ұлдар мен қыздар арасында бөлініп жарысты. Қатысушылардың басты мақсаты, бақылау нүктелерін тез арада тауып, құпия символдарды жазып, мәреге оралу.
Әділқазылар мүшелері жеңімпаздарды анықтап, қатысушыларға қалалық білім бөлімінің дипломдары және қалалық жас туристер станциясының медальдары табысталды.
Жеңімпаздар тізімі:
(1999 – 2000) ұлдар арасында
І орын – Сейилжанов Мади (ҚЖТС); ІІ орын – Жолмағанбетов Ақжол (ҚЖТС); ІІІ орын – Таңатбек Диас (ҚЖТС); ІІІ орын – Ақсейіл Байғабыл (ҚЖТС).
(1999 – 2000) қыздар арасында
І орын – Қыдыралина Диана (ҚЖТС); ІІ орын – Рожкова Полина (ҚЖТС).
(2001 - 2002) ұлдар арасында
І орын – Әбішев Жандос (ҚЖТС); ІІ орын – Бержанов Диас (ҚЖТС); ІІІ орын – Кайзуллин Азамат (ҚЖТС); ІІІ орын – Умирбаев Саламат (ҚЖТС).
(2001 - 2002) қыздар арасында
І орын – Найманова Аружан (ҚЖТС); ІІ орын – Мухамбетнабижанова Анель (ҚЖТС); ІІІ орын – Туребаева Дильназ (ҚЖТС); ІІІ орын – Сарсенова София (ҚЖТС).
(2003 - 2004) ұлдар арасында
І орын – Жумагулов Диас (ҚЖТС); ІІ орын – Шуренов Ернур (ҚЖТС); ІІІ орын – Шамшадинов Сұңғат (ҚЖТС); ІІІ орын – Алтынбаев Дархан
(2003 - 2004) қыздар арасында
І орын – Амангелдиева Жұлдыз (ҚЖТС); ІІ орын – Өмірзақова Аңсаған (ҚЖТС); ІІІ орын – Ахметжан Дарина (№46 ОМ); ІІІ орын – Тасболатова Ұлпан (№46 ОМ).

