
Қыркүйек айының үшінші жексенбісінде өз еңбектерімен орман байлығын арттыруға және оларды саналы қолдануға ықпал ететін жандардың кәсіби мерекесі аталып өтіледі. Орман - жер бетіндегі табиғи қорлардың, оның ішінде өсімдіктер жамылғысының басты бір типі.
Бұл бағалы ұлттық байлықты сақтау, көбейту, ұқыпты және ұтымды пайдалану – орман шаруашылығының ғана емес, қоғамның да міндеті. Орман құрлықтың үштен бір бөлігін алып жатыр және Жердегі орманның жалпы ауданы 38 миллионов км2-ді құрайды. Бұл орман алқабының жартысы тропикалық ормандарды, ширек бөлігі солтүстік жарты шарда орналасқан.