• 6 июня 2017 г.

"Табиғатты қоршаған, адам әркез қорғаған" облыстық сайыстың қорытындысы

2017 жылғы 18 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы Экологиялық орталықтың базасында жасөспірімдердің Туған жерге, Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, экологиялық білім мен тәрбиеге баулу мақсатында "Табиғатты қоршаған, адам әркез қорғаған" облыстық сайысы өтті.

Сайысқа қалалық және аудандық жалпы білім беретін мектептердің, қосымша білім беру мекемелерінің білім алушылары мен педагогтері қатысты.

Сайыс екі бағыт бойынша қаралды:

I-бағыт мектеп оқушылары мен мектептен тыс мекемелердің білім алушылары арасында төрт номинация бойынша өтті:

1) «Табиғатты қоршаған, адам әркез қорғаған» атты үгіт-насихат плакаттары сайысы және «Сұғанақтыққа жол бермейміз!» тақырыбында эмблемалар мен шартты белгілер суреттерінің сайысы.

2) «Аң мен құс – табиғат көркі» тақырыбындағы компьютерлік презентациялар сайысы.

3) «Менің өлкемнің табиғаты» тақырыбындағы фотосуреттер мен фотоколлаждар сайысы.

II-бағыт жалпы орта мектеп мұғалімдері, қосымша білім беру мекемелерінің педагог қызметкерлері арасында бір номинация бойынша өтті:

1) «Табиғат сенің өз үйің» атты ашық сабақтар мен іс-шаралар сценарийлерінің сайысы.

Сайысқа 210 жұмыс қатысты. Табиғатты қоршаған, адам әркез қорғаған» атты үгіт-насихат плакаттары мен «Сұғанақтыққа жол бермейміз!» тақырыбында эмблемалар мен шартты белгілер номинациялары бойынша - 94, «Аң мен құс – табиғат көркі» тақырыбындағы компьютерлік презентациялар номинациясы бойынша - 35, «Менің өлкемнің табиғаты» тақырыбындағы фотосуреттер мен фотоколлаждар номинациясы бойынша - 44, «Табиғат сенің өз үйің» атты ашық сабақтар мен іс-шаралар сценарийлерінің номинациясы бойынша - 43 жұмыс.

Сайысқа түскен жұмыстарды ЖОО, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталғы АҚ филиалы ОҚО бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының педагогтері, білім беру мекемелерінің жоғарғы санатты мұғалімдері, табиғат қорғау саласының мамандары сараптап жеңімпаздарды анықтады.

Қазылар алқасының шешімімен төмендегі оқушылар жеңімпаз деп танылды:




Жеңімпаздар дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 5 маусым – Дүниежүзілік Қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағында өтті.

Іс-шара барысы "Отырар" TV, "Айғақ", "Қазақстан Шымкент", "ТВК" телеарналарының жаңалықтарынан көрсетіліп, "Понарама Шымкент", "Шымкент Келбеті", "Оңтүстік Қазақстан" газеттеріне материалдар жіберілді.

Іс-шараны өткізуге ОҚО бойынша Экология департаменті мен ОҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы атсалысып, өз үлестерін қосты.


  • зеленая планета

Недавние посты

Смотреть все

Қазақстанда ҰБТ-2021 басталды

Диснейленд үлкен күн электр станциясын ашады

Ішкі істер министрінің кеңесшісімен кездесу өтті

Байланысымыз:

 

Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) -8 (7172) 64-27-08.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлім-8 (7172) 64-27-23.

Туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық бағыттағы бөлім-8 (7172) 64-27-24.

Ғылыми-техникалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-22.

Көркем-эстетикалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-32.

Әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы бөлім - 8 (7172) 64-27-31.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-27-20.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО БжҒМ 2019 ж.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК

РГКП «Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования»

Министерства образования и науки Республики Казахстан

KZ

RUS

ENG

  • Бастапқы бет

  • Орталық туралы

  • Заңнама

  • Орталық қызметі

  • Баспасөз қызметі

  • Зияткер

  • More