Бүгін, яғни 2017жылдың 1 маусымында Халықаралық балар күніне орай «Жылыой аудандық жас техниктер станциясында» «Біз Қазақстан балаларымыз! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!» атты мерекелік шара өтті.
Мереке мақсаты: қосымша білім беру саласында балалардың жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең, әндерді нақышына келтіріп айтуға үйрету. Бір-бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу.
Мереке барысында концерттік бағдарламадан тыс, үйірмелердің көрмесі ұйымдастырылып, қосымша жас өнертапқыштардың жарысы өтті. Мерекелік шараның соңында, оқу жылында үйірмелерге белсене қатысып және жақсы жетістіктерге жеткен балалар дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.



