Алматы қаласында өтіп жатқан даму мүмкіндіктері шектеулі балалар шығармашылығына арналған "Жұлдызай" фестивалінде Батыс Қазақстан облысының өнерпаздары жүлделі орындарға қол жеткізді.
Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатының жас бишісі Душева Ақтілек І орын, "Вокал" номинациясы бойынша екі көзі көрмесе де әнді жүрегімен түсінетін Дүйсенғұлов Арман І орын, "Би" номинациясы бойынша есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатының ұлдардан құралған би ұжымы ІІ орын, "Бейнелеу өнері" номинациясы бойынша Амангелидиева Альбина ІІІ орын, зерде бұзылыстары бар балаларға арналған мектеп-интернатының бишілер ұжымы ІІІ орынға ие болды. Өнерге, өмірге құштар балғын өнерпаздарға тек қана сәттілік тілейміз!!!!


