2017 жылғы 26 мамырда Батыс Қазақстан облысы Бүрлі ауданының Балалар саз мектебінің құрылғанына 55 жыл толды.
Мектептің көп жылдық тарихында бірнеше буынның талмай еңбек етуінің арқасында түлектерді дайындаудың тұрақты жүйесі қалыптасып, сол арқылы балаларға тек қана білім беріп қоймай, олардың өмірде өздеріне лайықты орын алуына мүмкіндік берді.
Көп жылдық тәжірибелеріңіз бен өз істеріңізге деген сөнбес жалын өсіп келе жатқан ұрпақтың рухани және зияткерлік дәрежесін дамытуға септігін тигізе береді деп үміттенеміз.
Жүректеріңіздегі мейірімділік пен даналықтарыңыз таусылмасын! Сіздерге зор денсаулық, табыс, болашаққа деген сенім және шабыт тілейміз!

