«Таза болса табиғат, аман болар адамзат!» атты ұранмен 2017 жылғы 18 мамырда Алматы қаласы Жас натуралистер станциясының білім алушылары Іле Алатауында ұйымдастырылған «Саябақтар шеруі» халықаралық акциясына қатысып қайтты.
«Саябақтар шеруі» кезінде әртүрлі танымдық шаралар ұйымдастырумен бірге түрлі бағыттағы сауықтыру, шыбықтар отырғызу, өндірістік және тұрмыстық қалдықтардан тазарту, бұлақ көздерін ашу жұмыстары жүргізіліп, "Аңдар мен құстар" секілді түрлі байқаулар өткізілді.
Табиғатты қорғау акциясы аясында жер-анамызды тұрмыстық қалдықтардан тазартып, қала көлемінде сенбілік жүргізіу ең басты міндеттеріміз. Балалар жайма шуақ көктеммен бірге бастау алатын табиғатты қорғау акциясына қатысқандарына риза болып қайтты.

