
2017 жылдың 8-10 мамыры күндері Алматы қаласында "Жеті өнер" шығармашылық орталығының қолдауымен І Халықаралық "Жеті өнер" балалар мен жасөспірімдердің фестиваль-конкурсы өтті. Бұл аталмыш байқауға ҚХР және Қазақстанның барлық өңірлерінен көптеген үміткерлер қатысып, бақ сынады. Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Переметный ауылындағы балалар саз мектебінің балалары да жүлделі орыннан қалыс қалған жоқ. Атап айтқанда, қазақ ұлт аспаптары "Домбыра" номинациясы бойынша "Елмұра" қазақ ұлт аспаптар ансамблі - Бас жүлде (жетекшісі А.Д.Утеулиева), академиялық вокал аталымында Тасболат Елдар І дәрежелі лауреат (жетекшісі Ә.Н.Нигметов), орыс халық аспаптары аккордеон аталымында Батыргалиева Самал ІІ дәрежелі лауреат (жетекшісі О.Ю.Колесниченко), Л.М.Кажигалиеваның жетекшілігімен көркем сөз аталымында Мажитов Жахия ІІ дәрежелі лауреат, "Уралочка" домра-примашылар триосы және домра-прима аталымында Шуйншкалиева Назерке І дәрежелі дипломант, эстрадалық вокал аталымында Сақтай Нұрсұлтан ІІ дәрежелі дипломант иелері атанды.