
2017 жылғы 28 сәуір күні Қарағанды қаласында жас натуралистер станциясының оқушылары және Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің студенттері қатысуымен «Ағаш отырғыз» акциясы өткізілді. Акция барысында жас натуралистер станциясы директорының өндіріс жұмысы жөніндегі орынбасары Катпатаева Кулшат Кабыловна ағаш отырғызудың тәсілдері мен агротехникасы туралы шеберлік-сынып өткізді. Акцияға 75 білім алушы ат салысып қатысты.