
Ағымдағы жылдың 26 сәуір күні Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының жас туристер станциясының ұйымдастыруымен 12-16 жас аралығындағы мектеп оқушылары арасында жеңіл атлетикадан аудандық жарыс өткізілді. Жарыс бағдарламасы 60 м, 100 м қашықтыққа жүгіру, бір орыннан ұзындыққа секіру, граната, доп лақтыру, кросс, жүгіру эстафетадан тұрды.
Топтар өз шеберлігін, төзімділігін, жылдамдығын көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды: Құрметова Жансая, Мухаметжанова Анель, Сайранбекова Ақерке, Басариев Батыр, Чанова Елизавета, Рахманов Борис, Замзарқанов Айдар, Затеев Руслан, Мубараков Мерей, Мэлиев Мади, Айдынбекқызы Айдана, Қалиасқарова Данагүл, Савельева Оксана, Муратова Айнур, Рахманов Борис, Сайпонов Елдос, Исқақова Назым, Чигибаев Тайжан, Даулетқанова Айым, Қоғанова Назым, Строкатова Елизавета, Харитонов Дмитрий, Бауыржанұлы Ұлан, Мырзабек Әділ.
Жалпы командалық есепте Катонқарағай ауданының С.Ластаев атындағы орта мектебі көш бастаса, Оралхан Бөкей атындағы Белқарағай орта мектебі екінші орыннан көрініп, Коробиха орта мектебі жүлделі үшінші орынға ие болды. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер, ұйымдастыру алқасының мақтау қағаздарымен, кубоктармен марапатталды.
Алмагуль Муканбекова
Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы,
Жас туристер станциясы