• 27 апр. 2017 г.

«Алаш» партиясының 100-жылдығына арналған «Жас тұлпар» атты ХХV облыстық мектеп ақындарының айтысы


21 ақпан 2017 жылы Меңдіқара ауданының мәдениет үйінде «Алаш» партиясының 100-жылдығына арналған «Жас тұлпар» атты ХХV облыстық мектеп ақындарының айтысы өтті.

Бұл дәстүрлі айтысты жастарды қазақ халқы мәдениетінің дәстүрлеріне тәрбиелеу, ақындардың шығармашылық мұраларымен таныстыру, қазақ халық шығармашылығын насихаттау мен дамыту, талантты жас ақындарын айқындау мақсатында Қостанай облысының білім беру басқармасымен бірге мәдениет басқармасы өткізді.

Айтыс – бұл ақындардың ән жарысы, аса тапқырлықты және суырып салмалық шеберлікті талап етеді.

Осы жылы суырып салмалық – поэзиялық сайысқа 16 ауданның 16 жас ақындары қатысты.

Жас акындар берілген айтыстың тақырыбын аша отырып, өздерінің поэзиялық қабілеттерін, тапқырлықтарын көрсетіп, өз өңірінің намысын қолдан берген жоқ. Жас таланттардың шығармашылық шеберлігіне қазылар алқасы әділ шешім қабылдап, келесі белгілермен бағалады: өлеңді дұрыс құрау, суырып салмалық, домбырада ойнау шеберлігі, вокалдық орындау, әртістік, сөз шеберлігі, сахналық мәдениет.

Айтыстың қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады:

Бас жүлде – Құсаинов Дінмұханбет, 11 сынып (Меңдіқара ауданы);

I орын – Мықыш Жанболат, 10 сынып (Амангелді ауданы);

II орын – Нұрмұхамед Бекзат, 8 сынып (Жангелдин ауданы);

II орын – Еркебұлан Әсет, 8 сынып (Таран ауданы);

III орын – Талапұлы Талғат, 8 сынып (Арқалық қаласы);

III орын – Сәндібек Ержан, 9 сынып (Алтынсары ауданы);

III орын - Маканова Айдана, 10 сынып (Науырзым ауданы)

Айтыс қазылар алқасының шешіміне сәйкес Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының және мәдениет басқармасының мадақтамаларымен және ақшалай жүлделерімен жеңімпаздар және жүлдегерлер марапатталды.

Жеңімпаздарды және жүлдегерлерді құттықтаймыз! Біз оларға алдағы уақытта табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!

  • музыканттар
  • балаlife каз

Недавние посты

Смотреть все

Жастар – елдің болашағы

Оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие беру

Стендтік үлгілеу бойынша көрме-байқауы өткізілді

Байланысымыз:

 

Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) -8 (7172) 64-27-08.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлім-8 (7172) 64-27-23.

Туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық бағыттағы бөлім-8 (7172) 64-27-24.

Ғылыми-техникалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-22.

Көркем-эстетикалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-32.

Әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы бөлім - 8 (7172) 64-27-31.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-27-20.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО БжҒМ 2019 ж.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК

РГКП «Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования»

Министерства образования и науки Республики Казахстан

KZ

RUS

ENG

  • Бастапқы бет

  • Орталық туралы

  • Заңнама

  • Орталық қызметі

  • Баспасөз қызметі

  • Зияткер

  • More