
2017 жылғы 18-21 сәуір аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының «Тау Барысы» туристік лагерінде облыстық жас туристер станциясының ұйымдастыруымен Төтенше жағдайлар комитетінің жедел-құтқару жасағының қызметкері Ж.Сарсенбековты еске алуға арналған «Жас құтқарушы» жарысы өткізілді. Аталған іс-шарада Оңтүстік Қазақстан облысынан 17 топ қатысты. Жас туристер шартты зардап шегушіні жартастан түсіру, өзеннің арғы бетіне өткізу, қорытынды-бақылау бағыт (10 кезең), бард әндері, құс үйшігін жасау сияқты сынақтардан өтті. Үш күнге созылған жарыс нәтижесінде төрешілер шешімімен ең үздік болып Төле би ауданының өкілдері танылды, ал 2-орынды Шымкент қалалық № 55 жалпы орта мектебі және 3-орынды № 38 мектеп оқушылары иеленді. Жеңімпаздарға облыстық жас туристер станциясының дипломдары мен бағалы сыйлықтары табыс етілді. Ауыспалы Кубокты төлебилік жеткіншектер өздерімен келесі сайысқа дейін ала кетті. Алдағы уақытта «Барыс-2017» туристік жарысы өткізіледі. Жас туристер өз күштерін осы додаға дайындауға бел буып отыр.