
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы музыкалық бағыттағы білім беру ұйымдары басшыларына арналған «Қосымша музыкалық білім беру – қазіргі әлеуметтік-мәдени процестегі тұлғаны дамыту құралы» білім беру семинарын 2017 жылғы 7 сәуірде Алматы қаласының Оқушылар сарайы базасында өткізді.
Семинар барысында Алматы қаласы Балалар музыка мектептерінің педагогтері «Балалар музыка мектебінде қазақ халық аспаптар оркестрін құру бойынша жұмыс тәжірибесінен», «Балалар музыка мектебінде фортепиано сыныбында білім алушылардың музыкалық-шығармашылық қабілеттерін дамыту», «Пәнаралық байланысты бекітуге арналған балалар музыкалық мектептердегі хор сыныбында инновациялық технологияларды қолдану», «Эстрадалық вокал және байқау бойынша өнер көрсету талаптарының білім беру бағдарламаларын әзірлеудегі педагогтің жұмысы» тақырыптарында шеберлік сыныптар өткізді.








