
Ауа-райының қолайсыз жағдайларына қарамастан, Лисаков қаласының балалар музыка мектебі 2017 жылыдң 31 наурызында балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің оқушылары арасындағы «Pianolis» жас пианистердің облыстық ашық байқауына жиналған жас дарындылар үшін өзінің қонақжай есіктерін ашты.
Байқауға Әулиекөл, Денисов, Қамысты, Қарасу, Қостанай, Жітіқара, Федоров, Таран, Сарыкөл аудандарынан, Лисаков, Рудный және Қостанай қалаларынан жасы 7-11 жас аралығындағы 41 жеке орындаушы мен 12 дуэт қатысты.
Байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесі ретпен үлестірілді: жас тобында (соло 7-8 жас) Бас жүлдені Рустемова Камила (Жітіқара ауданы) жеңіп алды; 1 дәрежелі лауреат атағын Сошников Антон ( Лисаков қ.) және Бексултанова Анастасия (Қостанай қ.) алды; 2 дәрежелі лауреаттар – Султан Диана (Қарасу ауданы), Рахимжанова Камила (Лисаков қ.); 3 дәрежелі лауреаттар атанған Федулов Иван (Қостанай қ.), Момотова Валерия және Мукушова Дилара (Лисаков қ.); 1 дәрежелі дипломант - Майдаровская Евгения және Клименко Екатерина (Лисаков қ.), 2 дәрежелі дипломанттар – Гулеенкова Лилия мен Пилипенко Иван (Лисаков қ.).
Жас тобында (соло 9-10 жас) Бас жүлде иегері – Кан Анита (Лисаков қ.); 1 дәрежелі лауреаттар атанған Мезенцева Светлана ( Лисаков қ.) және Утарбаева Аружан (Қостанай қ.); 2 дәрежелі лауреат атағына Алексеенко Виктория (Лисаков қ.), Корпан Камила және Данияр Адема (Қостанай қ.) ие болды; 3 дәрежелі лауреат атағын Оспанова Заринаға (Қостанай қ.), Гельман Томирисқа (Рудный қ.) берді; 1 дәрежелі дипломант атанған - Новосёлова Маргарита (Қостанай қ.), Маркотенко Анна (Лисаков қ.), Капангали Зейнельгарап (Қарасу ауданы); 2 дәрежелі дипломант атағын Усов Илья (Қостанай ауданы) және Молдагалиева Даяна (Қостанай қ.) жеңіп алды; 3
дәрежелі дипломант атағын Зимовец Елизавета (Денисов ауданы), Ларина Александра (Қарасу ауданы) иеленді.
Қазылар алқасы дуэттердің жоғары деңгейде кәсіби дайындығы белгіленіп өтті. Дуэттер арасында жас тобында (8-9 жас) Бас жүлдені Баширова Даяна, Новосёлова Маргарита ( Қостанай қ.) иеленді; 1 дәрежелі лауреат атағына Султан Диана, Ларина Александра (Қарасу ауданы) ие болды; 2 дәрежелі лауреат - Артемьева Ксения, Малеванная Арина (Әулиекөл ауданы); 3 дәрежелі лауреат атағын Педан Надежда және Бакиева Милена (Рудный қ.) жеңіп алды.
Жас тобында (10-11 жас): Бас жүлде – Мезенцева Светлана, Кан Анита (Лисаков қ.); 1 дәрежелі лауреат атағы – Зимовец Елизаветаға, Баум Екатеринаға (Денисов ауданы) және Вихляева Александраға, Маркотенко Аннаға (Лисаков қ.) берілді; 2 дәрежелі лауреат атағын Мулдагалиева Дарина, Агитаева Айдана (Жітіқара ауданы) иеленді; 3 дәрежелі лауреат атанған Сотников Александр, Чудов Роман (Қамысты ауданы).
Байқаудың барлық қатысушылары Білім басқармасының мадақтамаларымен, «I, II, III дәрежелі лауреат» дипломдарымен, «I, II, III дәрежелі дипломант» дипломдарымен, және Челябі қаласының Орталық балалар өнер мектебінің фортепиано бөлімінің меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Эрман Светлана Васильевнадан «Үміт» және «Шабыт» номинацияларында арнайы жүлделермен марапатталды, сондай-ақ жүлдегерлерді дайындаған педагогтар білім басқармасының мадақтамаларымен марапатталып өтті.
Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз! Оларға алдағы табыс пен жаңа жеңіс тілейміз!