• 4 апр. 2017 г.

1 Сәуір - Халықаралық құстар күніне арналған «Құстарға қамқор болайық» атты облыстық сайыс


Экологиялық орталықтың ұйымдастыруымен оқушыларды құстарға және қоршаған ортаға қамқор бола білуге тәрбиелеу, экологиялық білімдерін дамыту мақсатында «Құстарға қамқор болайық» атты облыстық сайысы 31 наурыз күні Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағында өткізілді.

Облыстық сайысқа қалалық және аудандық мектептердің 7-8 сынып оқушылары қатысты, жалпы қатысушылар саны 200 адам.

Облыстық сайыс төмендегі кезеңдер бойынша өтті:

І кезең: Сәлемдесу.

ІІ кезең: «Шеберлер» сайысы. Командалар құстарға арнап ұя жасап келеді. Қандай құстың түріне арнап жасалғандығына сипаттама береді.

ІІІ кезең: «Тапқыр орнитолог» сайысы. Командалар арнайы дайындалған тапсырманы дайындайды.

ІV кезең: «Кім жылдам» әр командаға 2 сұрақтан беріледі.

V кезең: «Өнерліге өріс кең» үй тапсырмасы. Әр команда құстар биін ұсынады.

Қазылар алқасының шешімімен төмендегі командалар жеңімпаз деп танылып, дипломдарымен, арнайы сыйлықтармен және жеңімпаз команданы дайындаған жетекшілер алғыс хаттармен марапатталды:


І орын

«Колибри»

Арыс қаласы, Жас натуралистер, техниктер, туристер станциясы

ІІ орын

«Құстар»

Түркістан қаласы, Сауран жалпы орта мектебі

ІІ орын

«Аққу»

Төлеби ауданы, Алатау жалпы орта білім беретін мектебі

ІІІ орын

«Пингвиндер»

Созақ ауданы, А.Иманов атындағы жалпы орта мектебі

ІІІ орын

«Аққу 2»

Сарыағаш ауданы, №125 С.Қожанов жалпы орта мектебі

ІІІ орын

«Қаршыға»

Мақтарал ауданы, №10 Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта мектебі

Қатысушылардың барлығы сайысқа жоғары деңгейде дайындықпен келгендіктерін көрсете білді. Атап айтқанда «Колибри», «Аққу», «Тауыс», «Фламинго» командалары Сәлемдесу кезеңінде үздік екендіктерін көрсете білсе, «Шеберлер» сайысы кезеңінде «Құстар», «Тауықтар», «Тауыс 2» командаларының жасап келген ұялары жоғары талғаммен жасалғандығы көрініп, ерекше көзге түсті. «Тапқыр орнитолог» және «Кім жылдам?» кезеңдерінде «Колибри», «Қаршыға», «Аққу 2» командалары сұрақтарға жылдам әрі дұрыс жауап бере отырып, білімдерін көрсетсе, «Өнерліге өріс кең» үй тапсырмасы кезеңі бойынша «Пингвиндер», «Қарлығаштар», «Үкі командалары» құстар биін асқан шеберлікпен орындап, көрермен көзайымына айналды.

Сондай-ақ сайысқа қатысушы командаларға «Үздік биолог» номинациясы бойынша Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы атынан «Қарлығаш-2» және «Тауықтар» командаларына, «Үздік орнитолог» номинациясы бойынша Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағы атынан «Қарлығаштар», «Тауыс» командаларына, «Үздік табиғаттанушы» номинациясы бойынша Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі атынан «Фламинго»және «Тауыс-2» командаларына, «Үздік эколог» номинациясы бойынша Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі атынан «Үкі» командасына дипломдар, арнайы сыйлықтар және жетекшілеріне алғыс хаттар табыс етілді.


Облыстық «Экологиялық орталық»

МКҚК директоры У.Ж.Камытбекова

  • зеленая планета

Недавние посты

Смотреть все

Қазақстанда ҰБТ-2021 басталды

Диснейленд үлкен күн электр станциясын ашады

Ішкі істер министрінің кеңесшісімен кездесу өтті

Байланысымыз:

 

Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) -8 (7172) 64-27-08.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлім-8 (7172) 64-27-23.

Туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық бағыттағы бөлім-8 (7172) 64-27-24.

Ғылыми-техникалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-22.

Көркем-эстетикалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-32.

Әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы бөлім - 8 (7172) 64-27-31.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-27-20.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО БжҒМ 2019 ж.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК

РГКП «Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования»

Министерства образования и науки Республики Казахстан

KZ

RUS

ENG

  • Бастапқы бет

  • Орталық туралы

  • Заңнама

  • Орталық қызметі

  • Баспасөз қызметі

  • Зияткер

  • More