
2017 жылдың 28 наурыз күні Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығында Экологиялық орталықтың ұйымдастыруымен оқушыларды мәдениеттілікке, рухани-адамгершілікке баулу, өнерге, білімге деген шығармашылық ізденістерін дамыту, мемлекеттік тілге құрмет көрсету, мектеп экоклубтарының шығармашылық жұмыстарын іске асыру мақсатында «Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың мұны айтарға тілі жоқ» атты мектеп экоклубтарының облыстық фестивалі өтті.
Облыстық фестивальге аймақтық кезеңнен өткен қалалық және аудандық мектептердің 8-10 сынып оқушылары мен қосымша білім беру мекемелерінің білім алушыларынан қатысты. Іс-шараға жалпы қатысушылар саны 494 адам.
Қазылар алқасының шешімімен төмендегі командалар жеңімпаз деп танылып, дипломдарымен, арнайы сыйлықтармен және жеңімпаз команда дайындаған жетекшілер алғыс хаттармен марапатталды:
І орын
«Төлеби қарлығаштары»
Сарыағаш ауданы, Төлеби жалпы орта мектебі
ІІ орын
«Жас экологтар»
Төлеби ауданы, Жеңіс жалпы орта мектебі
ІІ орын
«Жасыл әлем»
Созақ ауданы, Шолаққорған жалпы орта мектебі
ІІІ орын
«Жас экологтар»
Арыс қаласы, Жас натуралистер, техниктер, туристер станциясы
ІІІ орын
«Эко элита»
Кентау қаласы, Әл-Фараби атындағы №14 мектеп-гимназиясы
ІІІорын
«Жасыл ел»
Мақтарал ауданы, №112 жалпы орта мектебі
Ынталандыру
«Сұңқар»
Сайрам ауданы, №52 М.Өзтүрік атындағы мектеп/лицейі
«Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың мұны айтарға тілі жоқ» атты мектеп экоклубтарының облыстық фестивалі өз дәрежесінде өтті, қатысушы командалар жоғары ойын үлгісін көрсете білді.
Атап айтқанда «Жасыл әлем», «Сұңқар» командалары Сәлемдесу кезеңінде ой саларлық қалжыңдарын ортаға салса, «Жасыл ел», «Төлеби қарлығаштары», «Жас экологтар» командалары «Әзіл бәйге» кезеңінде алғырлықпен көзге түссе, ал «Эко Элита» және «Жас экологтар»командалары үй тапсырмасы кезеңінде экологиялық-тәрбиелік мәні бар қойылымдарымен ерекшеленді. Сонымен қатар, «Төлеби қарлығаштары» командасы сахналық киімдерімен, өткір, ой саларлық әзілдерімен ерекше көзге түсті.