
2017 жылдың 28 ақпанында сағат 12:00 де әлеуметтік серіктестік шеңберінде Қазпотребсоюз Қарағанды экономикалық университетінде, экономика және басқару факультеті, экология және бағалау кафедрасының студенттерінің қатысуымен «Экологиялық білім экологиялық мәдениеттің негізі» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелде жас натуралистер сттанциясының директорының әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары – Мусатаева Айсулу Болатбековна «Қосымша білім беруде экологиялық білім мен мәдениетті қалыптастырудың негізгі факторлары» тақырыбында баяндама жасады және жас натуралистер станциясының қосымша білім беру педагогы – Олишевец Надеждща Константиновна қатысты.
Аталған іс-шараға Қазпотребсоюз Қарағанды экономикалық университетінің Эко-32, Эко-31к, Эко-11к, Эко-12, О-21, О-32 топтарының жалпы саны – 50 студент қатысты.