• 24 февр. 2017 г.

Атырау қаласының оқушылар орталығының ұйымдастыруымен өткізілген «Күй атасы - Құрманғазы» атты ІV қа


23 ақпан күні сағат 10:00-де ұлы күйші, сазгер Құрманғазы Сағырбайұлының құрметіне орай дәстүрлі түрде Атырау қаласының оқушылар орталығының ұйымдастыруымен "Күй атасы-Құрманғазы" атты ІV қалалық жас күйшілер байқауы өтті.

Байқаудың негізгі мақсаты - Құрманғазы Сағырбайұлының күйшілік дәстүрін өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау, оқушылар арасында қазақ халқының музыкалық өнерін дәріптеу, күйшілік өнерге қанат қаққан жас өнерпаздар арасынан шығармашыл, дарынды оқушыларды анықтау.

Алғаш болып сөз кезегін алған қалалық білім бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі әдіскері Жұмазия Бозайқызы байқаудың маңыздылығын атап өтті. Ол өз сөзінде: «Байқауға жыл сайын қала мектептерінен қатынасатын оқушылар саны артып келеді. Оған дәлел бүгінгі өнерпаздардың көптеп келуі» деп, одан әрі үміткерлерге сәттілік тіледі.

Аталған байқауға қала мектептерінен 23 оқушы қатынасып, өз бақтарын сынады. Қала аумағындағы саз мектептерінің басшыларынан құралған әділқазылар алқасы жарысты төмендегідей қорытындылады:

Бас жүлде

Оқушылар орталығының оқушысы Русланұлы Әлішер

1-орын

  1. Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Аққалиев Тұрлыхан

2-орын

  1. №8 Ө.Атамбаев атындағы орта мектептің оқушысы Жұлдыз Саяжан

  2. А.Құнанбаев атындағы орта мектептің 8 сынып оқушысы Хамидолла Әділет

3-орын

  1. Ж.Қаражігітов атындағы №16 мектеп-лицейінің оқушысы Абатов Еркебұлан

  2. Еркінқала орта мектебінің 7 сынып оқушысы Қуаныш Айкелбет

  3. №11 Ыбырай Алтынарин атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Меңдіғали Аружан

Жүлделі орын алған оқушылар бағалы сыйлықтармен, дипломдармен марапатталды. Қалған орта мектептің оқушылары да алғыс хаттарға ие болды.

  • музыканттар

Недавние посты

Смотреть все

«Алтын жүрек» республикалық байқауының жүлдегерлері

Шымбұлақ " тау шаңғысы курорты"

Әлемдегі ең үлкен ұлттық саябақ

Байланысымыз:

 

Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) -8 (7172) 64-27-08.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлім-8 (7172) 64-27-23.

Туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық бағыттағы бөлім-8 (7172) 64-27-24.

Ғылыми-техникалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-22.

Көркем-эстетикалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-32.

Әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы бөлім - 8 (7172) 64-27-31.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-27-20.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО БжҒМ 2019 ж.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК

РГКП «Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования»

Министерства образования и науки Республики Казахстан

KZ

RUS

ENG

  • Бастапқы бет

  • Орталық туралы

  • Заңнама

  • Орталық қызметі

  • Баспасөз қызметі

  • Зияткер

  • More