• 14 февр. 2017 г.

Балалардың қосымша білім беру жүйесін дамытудың заманауи стратегиясы: жаңа талаптар, жаңа мүмкіндікт


Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықтың ұйымдастыруымен 2017 жылы ақпан айының 10 күні «Балалардың қосымша білім беру жүйесін дамытудың заманауи стратегиясы: жаңа талаптар, жаңа мүмкіндіктер. ЭКСПО - 2017» тақырыбындағы VІІ облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Конференция жұмысына маңызды ғылыми зерттеу нәтижелері бар облыстық қосымша білім беру ұйымдарының педагогтары қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Конференцияның негізгі мақсаты: балаларға қосымша білім беру жұмысының тиімділігін қамтамасыз ететін білім берудегі инновациялық үдерістерге қолдау көрсету, қосымша білім беру бағдарламаларын модернизациялауды қарастыру, қосымша білім беру педагогтарының кәсіби өсулеріне ықпал ету, тәжірибе алмасу және оқу процесіне заманауи әдістемелер мен технологияларды енгізу жұмыстарына баса назар аудару.

Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықтың директоры Кашкинова Шарякуль Көпжасарқызы конференцияны құттықтау сөзімен ашып, педагогтардың құзырылығына талаптардың күшеюіне байланысты, бүгінгі күні тәжірибе алмасып, білімдерін үнемі жетілдіріп отыру керек екендігіне назар аударды.

Конференция жұмысы пленарлық және секциялық отырыстар тәртіптемесінде қосымша білім берудің заманауи тәжірибелерін ұсыну презентацияларымен өткізілді.

Аталмыш конференцияға жоғарғы оқу орындарының профессоры, доценті, педагогика және техника ғылымдарының кандидаттары шақырылды. Пленарлық отырыста техника ғылымдарының кандидаты, «Өрлеу» АҚ ҰБАО филиалы «Жамбыл облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты», «Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру» кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессоры Таукебаева Кунсулу Сатхановна, Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» орталығының жетекшісі, техника ғылымдарының кандидаты, доцент -Тасуов Болат, П.ғ.к., Өрлеу» АҚ ҰБАО филиалы «Жамбыл облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» «Басқару және білім сапасы» кафедрасының меңгерушісі Ускенбаева Жұлдыз Аманкелдиевна, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі «Өнер» бөлімі «Сәндік-қолданбалы өнер» кафедрасының оқытушысы-Маемырова Мейрамкуль Батырбекқызы, «Назарбаев зияткерлік мектептерінің» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Тараз қаласындағы филиалының менеджері -Пірмаханбет Жақсылық Маханбетович, Мемлекеттік «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейінің бөлім меңгерушісі- Мұхтаров Алмас, Меркі ауданы, «Өркен» шығармашылықты дамыту және кәсіптік бағдар беру орталықтың директоры –Мамикова Урияхан Оспанқызы,Тараз қаласының Техникалық шығармашылық орталық директорының орынбасары Исмаилова Гульнара Джолдасовна өз баяндамаларын ұсынды. Баяндамашылар қосымша білім беру жүйесінде оқушылардың шығармашылық ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру, техникалық шығармашылығын дамыту, робот техникасын дамытудың маңыздылығын, инновациялық технологияларды қолдану мәселелері туралы, сонымен қатар көркемөнер саласында оқушылардың шығармашылық қабілетін жетілдіру және «ЭКСПО-2017»-халықаралық көрмесі – Қазақстан Республикасындағы туризм мен инфрақұрылымның даму факторлары туралы өз ойларымен бөлісті.

Пленарлық отырыстан кейін көркем-эстетикалық және ақпараттық-техникалық бағыттары бойынша өткен бейінді секция жұмыстары да қызықты, әрі нәтижелі болып өтті. Педагогтардың екі секцияда ұсынылған баяндамалары мазмұнды, әрі жұмыс тәжірибесінің суреттемесімен көрнекті болды.

Конференция барысында өз тәжірибелерімен бөліскен ғылыми –тәжірибелік конференцияның жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды.

Бүгінде қосымша білім беру жүйесінің маңыздылығы күннен күнге артып, талаптардың күшейтілуіне байланысты қосымша білім беру педагогтарының талапқа сай болу үшін әрдайым өзін-өзі жетілдіру керектігін барлық конференция қатысушылары баса айтты. Сарысу ауданынан келген, Жаңатас қалалық Балалар өнер мектебінің оқу ісі жөніндегі орынбасары Хусайнова Қанат Жумабаевна: «Бүгін тәжірибелі педагогтар қосымша білім беру ұйымдарының оқу – тәрбие үдерісін жетілдірудің, оқытудың жаңа технологияларымен бөлісіп, облысымыздың педагогтары қызықты жаңа идеяларымен таныс болды. Конференция нәтижелі өтті»- деп өз пікірімен бөлісті.

Конференцияда қарастырылған сұрақтар, инновациялық технологияларды қолдануға бағытталған жаңа әдістер қосымша білім беру ұйымдарының педагогтары арасында тәжірибе алмасып, жұмыстарын жетілдіруге тағы бір мүмкіндік берді.


Касымова Жибек Жумабековна

МОжМТІШӨОО

Қосымша білім беру педагогы

  • новости каз

Недавние посты

Смотреть все

Шымбұлақ " тау шаңғысы курорты"

Әлемдегі ең үлкен ұлттық саябақ

Махамбеттің жас ұрпақтары

Байланысымыз:

 

Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) -8 (7172) 64-27-08.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлім-8 (7172) 64-27-23.

Туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық бағыттағы бөлім-8 (7172) 64-27-24.

Ғылыми-техникалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-22.

Көркем-эстетикалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-32.

Әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы бөлім - 8 (7172) 64-27-31.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-27-20.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО БжҒМ 2019 ж.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК

РГКП «Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования»

Министерства образования и науки Республики Казахстан

KZ

RUS

ENG

  • Бастапқы бет

  • Орталық туралы

  • Заңнама

  • Орталық қызметі

  • Баспасөз қызметі

  • Зияткер

  • More